Жанұялық өмір

Үйленуге шешім қабылдаған еркектің некенің маңыздылығын, қалай жасалатынын, алатын қызды таңдағанда неге мән беру керектігін және әйеліне, балаларына, туысқандарына қатысты міндеттерін алдын-ала үйренуі керек.

Пәк болған, діндар бір қыз іздеуі керек. Байлығы көп, өте сұлу қыз іздемеу керек. Байлық үшін және сұлулық үшін пәктікпен бақыттылықты қолдан жібермеу керек. Мұсылман қыздың кәпір еркекке тұрмысқа шығуы жаиз емес. Некеден бұрын қызды көру сүннет. Бұл кейін де жақсы ара-қатынаста болуын қамтамасыз етеді. Салиха, мінезі жақсы болған текті отбасының қызын қарау керек. Жаман мінезімен және пәксіздігімен аты шыққан өзін де күйеуін де өсекке қалдыратын әйелден ұзақ болу керек.

Әйелдердің жүректері жұмсақ, нәзік және сезімдеріне бағынышты болғандықтан бір-бірін көре алмайтындары да көп болады. Бұл тұрғыдан әсіресе жаңа үйленгендердің көзі ашық болу керек. Анасының, әпке-қарындастарының және басқа әйелдердің, жұбайымен шақыстыруларына алданбауы керек, мұндай нәрселер айтуларына жол бермеуі керек. Мұндай сөздерге алданып жұбайын ренжітуден ұзақ болуы тиіс.

Анасы және әпке-қарындастары туралы жұбайының айтқандарына қарсы да ашық көзді болуы керек. Анасының жәбір көруіне ешқашан көз жұмбау керек. Анасына өзі де жұбайы да қандай жағдайда да құрмет көрсетулері тиіс. Әке-шешеге, қайын атамен қайын енеге құрмет және қызмет етуді бірінші міндет деп білу керек. Үлкендердің ризашылығын дұғаларын алуға тырысу керек. Игі дұғаларын үлкен жетістік деп білу керек.

Ақылды болған ерлі-зайыптылар бірін-бірі ренжітпейді. Өмірлік жолдасын ренжіту ақымақтықтың белгісі. Залым, жаман мінезді адамның зайыбы үнемі ренжіп, күйзеліп жүреді, соның салдарынан жүйкесі тозады. Жүйке тозғаннан кейін түрлі ауруларға жол ашылады. Өмірлік жолдасы ауру болған адам тығырыққа тірелді деген сөз. Бақытының соңы келгенінің белгісі. Жұбайының көмегінен, қызметінен мақұрым қалады. Өмірі оның дерттерін тыңдаумен, оған дәрігер іздеумен, оған үйреншікті болмаған қызметтер жасаумен өтеді. Бүкіл бұл пәлекеттерге, бітпес қиыншылықтарға өзінің жаман мінезі себеп болған. Тізесін ұрып, қаншама өкінсе де, өкінішке орай, бұл өкінудің пайдасы жоқ

Related Post

Діни экстремизмнің жастар санасына әсеріДіни экстремизмнің жастар санасына әсері

Тәуелсіздік орнағалы, міне 30 жылға аяқ бастық. Осы уақыт ішінде жасы да, кәрісі де білім жинап, ақыл тоқтатып үлгереді. Жастар халық санының 21% құрайды, яғни елімізде орта жастағы адам саны

1- Сәуірде өтірік сөйлеуге бола ма?1- Сәуірде өтірік сөйлеуге бола ма?

Басқа қалада ата анадан ұзақта жұмыс істегеніне бір жылдан асты. Үйге деген сағыныш, көктемнің жайма шуақ күнінде, жұмыстан шаршап келіп ойға шомып отырған,  Айдарды шырылдаған телефон үні селт еткізді. Ұялы

Шынайы ой — шынайы пікірШынайы ой — шынайы пікір

Әр ата-ана баласының болашағына алаңдайды.Олар үшін ең бастысы – перзентінің дұрыс ортада, сенімді қолда білім алып, тәрбиеленуі.Сарыағаш медресе колледжінде ата-аналардың айтқан шынайы пікірлері біз үшін ерекше маңызды.Бұл пікірлер – біздің