Колледжде республикалық семинар болып өтті

Колледжiмiзде сәуiр айының 21-22 аралығында «ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР» тақырыбында республикалық семинар өткізілді. Колледж директоры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы семинарға қатысушыларға өз алғысын білдіріп, іс-шараны ашып берді. Семинардың негізгі мақсаты білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытыудың әдіс тәсiлдерiн, әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру. Кәсіби білім, білік, дағдыны дамыту, педагогтiң жалпы мәдени дамуын, оның тұлғалық көзқарасын және кәсіби маңызды сапаларын жетілдіру. Семинарға еліміздегі медресе колледждерден Ақтөбе, Астана, Үшқоңыр, Хибатулла тарази, Шымкент, Абу бәкір Сыддык, Орал медресе колледжінің білікті де білімді ұстаздары және ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бөлім меңгерушісінің орынбасары Аршабаев Серікбол қатысты. Сонымен қатар Аршабаев Серікбол жоғарыда аталған тақырыптағы семинардың колледждер арасында алғаш рет өткізіліп жатқандығына тоқталып, колледж әдіскері Қалмұратов Темур, Сманова Нұржамал, Рамет Фатима, Жунисова Лаура, Бекен Алмас ұстаздардың арнайы пәндерге арналған әдістемелік нұсқаулықтарына жоғары баға берді. Семинарға келген қонақтар Сарыағаш медресе колледжнiң тыныс-тіршілігімен танысып, ұстаздардың ашық сабақтарына кіріп, пiкiр алмасты. Екі күнге жоспарланған семинар өте қызықты әрі нәтижелі өтті. Семинарға қатысқан ұстаздарға колледж директоры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы арнайы сертификаттар табыстады.

Related Post

Сарыағаш медресе колледжі шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырдыСарыағаш медресе колледжі шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды

Мұсылмандықтың қырық парызының бірі – білім іздеу. Осыларды басшылыққа алған қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин бабамыз балаларды білімге шақырғанда: «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық», – деп, білімді Алланың атымен бастап,

Зекет қандай адамға беріледі?Зекет қандай адамға беріледі?

С: Зекет кімдерге беріледі? Ж: Зекет алуға лайық жандар жөнінде Алла тағала қасиетті Құранда: «Шын мәнінде садақалар ( яғни, зекеттер) кедей-кешіктерге, міскіндерге, оны, (зекетті) жинауға тағайындалған адамдарға ,