“Рамазан айының құндылығы” тақырыбында уағыз насихат!

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Д.Сманов 29.03.2022 ж колледж шәкірттеріне “Рамазан айының құндылығы” тақырыбында уағыз насихат айтты.Рамазан – исі мұсылман қауымы үшін қасиеті ерекше айлардың бірі. Бұл айда барша мұсылман баласы сауабын тек бір Алладан үміт етіп, ауыз бекітіп, ораза ұстайды. Рамазан айының құндылығы туралы Имам Раббани хазреттері былай деген:Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Бұл айда жасалған бір парыз басқа айларда жасалатын жетпіс парыздай болады. Бұл айда ауыз бекіткен бір адамға ифтар беріп, ауыз аштырған адамның күнәлары кешіріледі. Жаһаннамнан азат болады. Сол ораза тұтқан адамның сауабындай сауап бұған да жазылады. Ораза тұтқан адамның сауабы да мүлдем азаймайды.Бұл айда қол астындағыларға жұмыстарын жеңілдеткен, олардың ғибадат етулеріне жеңілдік жасаған әмірлер, басшылар да кешіріледі. Жаһаннамнан азат болады. Қасиетті Рамазан айында Расулуллаһ тұтқындарды азат ететін, мұқтаждардың барлық сұрағандарын беретін. Бұл айда ғибадат және жақсылық жасай алғандарға бүкіл бір жыл осы амалдарды жасау нәсіп болады. Бұл айға құрметсіздік еткендердің, күнә істегендердің бүкіл жылы күнә істеумен өтеді. (Бұл айды ғанибет, мүмкіндік деп білу керек.) Қолдан келгенше ғибадат ету керек. Аллаһу та’аланың разы болған істерін жасау керек. Бұл айды ахыреттің бақытына қауышу үшін мүмкіншілік деп білу керек.Уағыз барысында медресе колледж шәкірттері “Рамазан айының құндылығы”жайлы өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.Колледж директоры Д.Сманов пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Рамазанның басы рахмет (мейірім), ортасы мағфирет, соңы болса жаһаннамнан құтылу»-рамазан айын құр бекер өткізіп алмау керектігін өз сөзімен аяқтады.

Related Post

Ақырзаман ғұламаларыАқырзаман ғұламалары

Ақырет ғұламаларынан мақсат- ақырет үшін ілім алып, сол  білімін Аллаһ разылығы үшін жұмсаған  шыншыл ғалымдар. Олар ақыретті бұл дүниеден жоғары қойған. Олардың істері сөздеріне қайшы болмайды. Сондай-ақ олар ақыретте пайда беретін білімге

⚜️Колледжімізде қараша айында «Жылулық сыйла» атты акцясы өткізіліп, әлеуметтік көмекті қажет ететін, көп балалы отбасынан шыққан, аз қамтылған отбасынан, әлеуемттік көмек алатын отбасынан шыққан, жартылай жетім, тұл жетім жалпы 110 ұл шәкірт, 50 қыз шәкіртімізге «Жаннатул Фердауси» Қайырымдылық қоғамдық қоры тарапынан қыстық жылы етік-курткалар және жылы киімдермен қамтамасыз етілді.⚜️Колледжімізде қараша айында «Жылулық сыйла» атты акцясы өткізіліп, әлеуметтік көмекті қажет ететін, көп балалы отбасынан шыққан, аз қамтылған отбасынан, әлеуемттік көмек алатын отбасынан шыққан, жартылай жетім, тұл жетім жалпы 110 ұл шәкірт, 50 қыз шәкіртімізге «Жаннатул Фердауси» Қайырымдылық қоғамдық қоры тарапынан қыстық жылы етік-курткалар және жылы киімдермен қамтамасыз етілді.

🔰Бұндай қайрымдылық шаралар ай сайын жалғасын табады .Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Калжанов пен Әлеуметтік педогог Б.Асанова шәкіртердің күнделікті қал жағдайын ,мұқтаждығын бақылауға алып, көп балалы жағдайы нашар отбасынан