Қош келдің әз Наурыз

Қош келдің әз Наурыз post thumbnail image

Наурыз мерекесі қазақ халқы үшін – өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, шығыс халықтарын бір-бірімен табыстыратын қасиетті мейрам! «Бірлік болмай, тірлік болмас», деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Наурыз еліміздің баянды бірлігі мен ұйыған татулығының мерекесі. Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез. «Қош келдің, әз Наурыз мерекесі және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына» орай Сарыағаш медресе колледжінің ұжымы, директор Сманов Дінмұхаммед ұстаздың бастамасымен, Сарыағаш ауданы бойынша Бокс, Қазақ күресі, Панкратион, сонымен қатар Ұлттық ойындардан (асық ойыны, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, арқан тарту, қол күресі) жарыс өткізіп, келген қонақтар және спортшыларға, 1500 адамға мерекелік дастархан жайылып наурыз көже мен ас берілді. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шараға Сарыағаш аудыны ішкі саясат бөмімінің басшысы Қозыбаев Алдияр, ауданның наиб имамы Бижанов Нурмухаммед, Жарты төбе ауылдық округінің әкімі Аширов Абай мырза арнайы ат басын бұрып, өздерінің лебіз тілектерін білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар ауыл әкімі Аширов Абай, колледждің 10 ұстазына Наурыз меркесіне орай Алғыс хат табыстады. Аталған іс-шараға колледжімізден де бірнеше студенттер қатысып, бокс, қазақ күресі, гір тасын көтеру, арқан тартысудан жүлделі орындармен марапатталды.

Related Post

Таза ҚазақстанТаза Қазақстан

⚜️Бүгінгі таңда еліміздің экологиялық жағдайы мен тазалығын сақтау аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Әсіресе, жастар арасында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты аялап ұстау жөніндегі мәдениет қалыптастыру біз үшін аса

⚜️Бүгін «17 қараша — Халықаралық студенттер» күніне⚜️Бүгін «17 қараша — Халықаралық студенттер» күніне

⚜️Бүгін «17 қараша — Халықаралық студенттер» күнінеорай, студент жастардың бойындағышығармашылық қабілеттерін жене білімге, өнергедеген құштарлығын арттыру мақсатында Сарыағашаудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің,Ұйымдастыруымен “Қызыққа толы студенттік өмір” атты аудандық фестивалі өтті.🔰Мерекелік

Тіл байлығыТіл байлығы

⚜️Сарыағаш медресе колледжі студенттерінің арасында Дебат-пікірталас ойыны және «Ұшқыр ой алаңы» жобасы атты іс-шара болып өтті. Аталған пікірталас сайысынан басты мақсат студенттердің тіл байлығын, бойындағы шешендік өнерді, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру,