КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ

2022 жылдың 5-наурыз күні Сарыағаш медресе колледжінде кітап жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкенің мақсаты: ислами кітаптарды оқуды насихаттау, қоғамда оқуға деген қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.Сонымен қатар аз уақытта ордалы елге айналған тәуелсіз Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тари­хына шолу жасау. Кітап жәрмеңкесінде асыл дінімізді дәріптейтін, сондай-ақ еліміздің жеткен же­тіс­тік­тері мен толайым табыстарын баяндайтын кітаптар толығымен сатылды. Шәкірттер өздеріне қажет болған кітаптарға қол жеткізді. Жәрмеңке жоғары дәрежеде болып өтті.

Related Post

1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті

1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бүгін Сарыағаш медресе колледж шәкірттері “Білім күніне” арналған салтанатты жиында сап түзеді. Шараға медресе колледж ұжымы мен барша шәкірттері қатысты. Аталмыш жиынды Колледж