15.02.2022ж атаулы оқу орнының директоры ұстаз Д. А. Смановтың «ҰСТАЗДЫҢ МӘРТЕБЕСІ» тақырыбында әсерлі уағызы болып өтті. Уағызда оқу орнының шәкірттері Ұстазды шәкірт қалай құрметтеу керектігі туралы түсінік алды.Уағыз барысында медресе колледж шәкірттері өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Медресе колледж директоры жастарымыздың бойында имандылық қасиетін қалыптастыру арқылы оларды Ұстазды құрметтеуге, Еңбек сүйгіштікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеуге болатындығын тілге тиек етті .Сөз соңында ұстаз : «Ұстазы жақсының-Ұстанымы жақсы «- деп шәкірттерді білім жолында да,өмір жолында да ұстазды құрметтеу керектігін өз сөзімен аяқтады.

Related Post

Білгенге мешіт деген Құдай үйіБілгенге мешіт деген Құдай үйі

«Білгенге мешіт деген Құдай үйі» деп бабаларымыз базына қалдырғанындай 2019 жылы қарашаның 29 жұлдызында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының, Ынтымақ ауылында «Сатыбалды Әбішұлы атындағы ислам орталығы» ашылды. Көркі көз тартқан, ашылмай