САЛТ ДӘСТҮРДІҢ ИСЛАМДАҒЫ ОРНЫ

08.02.2022ж атаулы оқу орнының директоры ұстаз Д. А. Смановтың «САЛТ ДӘСТҮРДІҢ ИСЛАМДАҒЫ ОРНЫ» тақырыбында әсерлі уағызы болып өтті. Уағызда оқу орнының шәкірттері ислам құндылықтары мен қазақ салт-дәстүрі арасында әдемі сабақтастық пен үндестік бары туралы түсінік алды.Уағыз барысында медресе колледж шәкірттері өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Медресе колледж директоры жастарымыздың бойында имандылық қасиетін қалыптастыру арқылы оларды енбек сүйгіштікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеуге болатындығын тілге тиек етті .Сөз соңында ұстаз : «Діни түсінігі дұрыс қалыптасқан,діни сауатты жастар – ол дініміздің, дәстүріміздің, мәдениетіміздің болашақта жоғалмауының кепілі»-деп өз сөзін аяқтады.

Related Post

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреті болды.Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреті болды.

ездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қасиетті Рамазан айына орай еліміздің барша мұсылмандарына ізгі тілегін жолдады. Мемлекет басшысына Рамазан айында еліміздің әрбір аймағында ұйымдастырылып жатқан қайырымдылық шаралар жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар

⚜️2024 жылы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің Діни білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшысы Игенбай Айдос Назкенұлы Сарыағаш медресе колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастарға діни білім мен тәрбие беру мәселелері, Қазақстандағы діни ахуал, жастардың рухани және азаматтық құндылықтарын қалыптастыру тақырыптарында сөз сөйледі.⚜️2024 жылы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің Діни білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшысы Игенбай Айдос Назкенұлы Сарыағаш медресе колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастарға діни білім мен тәрбие беру мәселелері, Қазақстандағы діни ахуал, жастардың рухани және азаматтық құндылықтарын қалыптастыру тақырыптарында сөз сөйледі.

🔰Айдос Назкенұлы студенттерге қазіргі қоғамда діни білім мен мәдениеттің маңызы туралы айтып, олардың қоғамда белсенді әрі жауапты азамат болып өсуі үшін дұрыс бағыт-бағдар алу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, діни

Қадірлі отандастар!Қадірлі отандастар!

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Біздің бабаларымыз төл жаңа жылымыздың бастауы саналатын, табиғатқа жан бітіріп, тіршілікті түлететін Наурыз мейрамына ерекше мән берген. Себебі бабаларымыз Наурызды