10.12.2021ж ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласында жаңадан салынған Әбдусаттар Сманов атындағы мешіттің ашылуына қатысты.

Елімізге белгілі ғалым, дін қайраткері Әбдусаттар Шәкірұлы есімімен аталған мешіттің ашылу рәсімі Құран оқумен басталса, алғашқы болып Бас мүфти құттықтау сөз сөйледі.

«Ағайынды Смановтар – баршамызға белгілі дін саласына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан үлкен әулет. Бүгінде сол әулеттің ұйытқы болуымен ашылған «Сарыағаш» медресесі болашақта имам-ұстаз болуды армандаған қазақтың қарадомалақ ұл-қызының қиялына қанат бітірген әрі еліміздегі таңдаулы діни оқу орындарының қатарында. Ұстаз Әбдусаттар Шәкірұлы ұлтқа, дінге адал қызмет еткен, ажалы жеткенше шәкірттеріне дәріс берген білікті ғалым, майталман маман еді. Мінеки, бүгін Әбдусаттар Шәкірұлының есімі берілген мешітті ашып отырмыз. Жаңа ғимараттың іші-сыртын Алла Тағала нұрға толтырып, Әбдусаттар ағамызды рақымына алғай» деді ҚМДБ төрағасы.

Сондай-ақ Бас мүфти ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі болған марқұм Әбдусаттар Сманов жайлы ғибратты естелік айтып, осы мешіттің бас имамы Берік Шотабековке  қасиетті Құран Кәрім мен кәде сыйлық табыс етті.

Бұдан кейін «Сарыағаш» медресе-колледжінің құрылтайшысы Әбдужапар Сманов Бас мүфтиге ризашылығын білдіріп, мешіт салған азаматтарға алғысын жеткізді. Салтанатты шара аясында дінтанушы Мұхамеджан Естеміровтың Әбдусаттар Сманов туралы жазған  «Ұстаз ұлағаты» кітабы үлестірілді.

Сондай-ақ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 1500-2000 адамға арналған жаңа мешітте жамағатпен бірге жұма намазын оқып, ел амандығы үшін дұға жасады.

Related Post

101101

⚜️Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инжинері азаматтық қорғау аға лейтенанты М.Кубелтай және Сарыағаш ауданының №14 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н.Абенов келген өрттін алдын алу жағдайларын түсіндіріп шықты.

Шәкірттерге салтанаты түрде диплом табыстау рәсімі өттіШәкірттерге салтанаты түрде диплом табыстау рәсімі өтті

⚜️Биыл Сарыағаш медресе колледжін жалпы саны бойынша 149 студент “Исламтану”, Имам Хатиб” мамандығы бойынша білім дәрежесін иеленді. Оның ішінде үздік 36 шәкірт, ұлдар бөлімінен 17 студент, қыздар бөлімінен 19 студент