«СТУДЕНТТІК ЛИГА» ЖАРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Сарыағашта ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай спорттық жарыс түрлерінен сайыстар өтті. Жарысқа жалпы Сарыағаш ауданынан 6 команда қатысып бақтарын сынады. Мақсат — жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау, аудан жастары арасында достық байланысты нығайту, дене шынықтыру мен спортты дамыту, спорт шеберлігін шыңдау. Спорттың 7 түрінен өткен сайыста үстел теннисі, тоғызқұмалақ, арқан тартысы және кіші фуболдан 2-орын бұйырды. Мадимар Мұхаммеджан есімді студентіміз кір тасын көтеруден алдына жан салмай, 1-орынды иеленді. «Сарыағаш» медресе-колледжінің шәкіртері мен жаттықтырушыларын жеңіспен және жүлделі орындарымен құттықтаймыз!!! Спортпен шұғылданыңыздар, дендеріңіз сау болсын!!!

Related Post

Шаһид үкімдеріШаһид үкімдері

С: Шаһид үкімі қандай? Ж: Жау қолынан қаза тапқан немесе соғыста алған жарақатының зардабынан көз жұмған немесе мұсылмандар қолынан жазықсыз құрбан болып, оның өліміне  диа (құн) уәжіп болмаған мұсылман шаһид

Ораза айт құтты болсын!Ораза айт құтты болсын!

Алланың рақымынан үміт етіп, ішіп-жеуден, жаман әдеттерін тыйып қасиетті айда тәрбие суымен сусындаған жамағат! Сіздерді Рамазанның айының Ораза айт мерекесімен құттықтай отырып, ризық беруші һәм кешіруші Раббымыздың разы сізбенен бізден

Имамдар білімін жетілдірудеИмамдар білімін жетілдіруде

ОҚО өңірі өкілдгінің ұйымдастыруымен «Сарыағаш медресесінде» ауыл имамдарының білімін жетілдіріп, біліктілігін ұштауға арналған бір апталық дәріс жүріп жатыр.