Бізге берілген ең үлкен мүмкіндік ол — дұға

Автор: Әду Нұрболат

( Ғибратнама )

Дұғаның қабыл болуы немесе қабыл болмауы адамның рушылдығынан немесе әруақтардың қолдауымен емес, керісінше адамның шариғат үкімдерін қаншалықты деңгейде орындағанына байланысты. Пенде Алла Тағаланың үкімін орындағанына қарай оның тілегі де қабыл болу ықтималдығы артады.

  Өзін мұсылман деп санайтын әрбір пенде өзінің құлшылығын тек Аллаға арнау керек, тек одан ғана сұрайды. Бес уақыт намазда үзбей оқитын Фатиха сүресінде біз әрдайым: «Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз», — дейміз. Осыған байланысты Абай атамыз айтқандай: «Жаратушы тұрғанда, жаратылғаннан не сұрайсың?» демекші, адам баласы бар қажетін бүкіл әлемнің жаратушысы болған Алладан ғана сұрауы қажет екен.

Ал егер адам баласы Аллаһ  үшін  шынайы ықыласпен істеген қандайда бір амалы болса, сол амалының құрметіне бола дұғасының қабыл болуын сұрап Аллаға жалбарынуға болатыны жайлы ардақты Пайғамбарымыз (ол кісіге Аллһның салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына мына бір ғибратты оқиғаны баяндаған еді: «Бірде сендерге дейін өмір сүрген үш адам жолға шығып, сапарда жаңбырдан пана іздеп, бір үңгірге келіп паналады. Алайда олар үңгірге кірген кезде таудан бір тас домалап түседі де, одан шығар жолды тығыздап жауып тастайды. Сонда олар: «Ақиқатында бұл тастан сендерді Аллаһ Тағалаға өздеріңнің ізгі істеріңді дәнекер етіп, сол үшін Оның сендерді осы қиыншылықтан құтқаруын тілеп, жалбарынуларың ғана құтқарады», — десті. Содан соң олардың бірі өзінің бала-шағасынан да, үй-қызметшілерінен де бұрын ата-анасын тамақтандырып, Аллаһ ризалығы үшін әке-шешесіне айрықша қамқорлық көрсеткенін айтып, сол үшін құтқаруын өтініп, Аллаһ Тағалаға жалбарынған кезде тас аздап жылжиды. Содан кейін екінші жолаушы өзінің бір қызға өлердей ғашық болғанын, бірақ оның оң қабақ танытпағанын, сол арудың қуаңшылық жылы қатты тарыққан кезінде, ақша үшін жігіттің еркіне көнуге келісім бергенін баян етеді. Қыз иланып тұрса да мұның Алладан қорқуы керектігін есіне салған кезде, Алладан қорыққндықтан ғана әлгі аруға берген ақшасын да алмастан, мүмкіндікті пайдаланбай, оны жібере салғанын айтып, сол үшін құтқаруын өтініп, Алла Тағалаға жалбарынған кезде тас тағы біраз жылжиды, бірақ үңгірден шығу мүмкін емес еді. Кезек үшінші жолаушыға жетеді. Ол басынан өткен мына жағдайды баяндайды. Өзі жұмысқа жалдаған малайларының бірі еңбекақысын алмай кетіп, арада уақыт салып, қайта оралып, ақшасын сұрағанда, ол жоқта әлгінің еңбек ақысын пайдаланып, көбейткенін, кейін ол ақшаға көптеген мал-дүние алғанын әңгімелеп, сол түйелерді, сиырларды, қойларды, қызметшілерді көрсетіп, осының бәрін ақысын сұрап келген әлгі адамға бергенін, мұны тек Алланың ризалығы үшін істегенін айтып, көмек сұрап жалбарынғанда, тас олар үңгірден шыға алатындай жерге дейін жылжиды«. Бұл хадистен ізгі істің Аллаһ  алдында қаншалықты жоғары дәрежеге ие болатынын аңғара аламыз. Алланың разылығынан басқа ниетпен жасалған кез-келген ізгі амал ешқешен қабыл болмақ емес. Бұған қатысты күндердің бірі адамдар Ибрахим ибн Адхамнан: «Дұға қылыңдар, дұғаларыңды қабыл етем, «- деген Алланың сөзі болған Құран аятына сүйеніп дұға қылсақ та, дұғамыз қабыл болмайтынының себені неде? – деп сұрағанда, ол былай деп жауап беріпті:

«Құдайды біліп тұрып, ұлықтығына жараса құлшылық қылмайсыңдар, Алланың кітабын оқисыңдар, бірақ сол бойынша жасамайсыңдар.  Шайтанның дұшпан екенін біліп тұрып, оған ересіңдер, Пайғамбарымыздың )ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмметіміз дейсіңдер, ал оның сүннетін атқармайсыңдар. Жәннатты жақсы көресіңдер, бірақ оған дайындалмайсыңдар. Тозақтан қорыққандай боласыңдар, бірақ күнадан қайтпайсыңдар. Өлім хақ екенін білесіңдер де, бірақ оған дайындық қылмайсыңдар. Біреудің айыбын шұқып, ал өздеріңдікін жасырасыңдар. Аллаһ Тағала берген ризықты жеп, бірақ оған шүкірлік қылмайсыңдар. Өлікті көрге көмесіңдер, бірақ одан ғибрат алмайсыңдар. Дұғаларың қабыл болмағанның себебі міне осыдан», — деген екен.

Related Post

РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет ұстаздармен кездестіРАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет ұстаздармен кездесті

25.02.2022 ж. Белгілі уазызшы,имам,РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет Сарыағаш медресе колледжі ұстаздар ұжымымен кездесті. Кездесу барысында ұстаздардың еңбек жолындағы жұмыстарымен танысып,дін жолында қызметі жайлы пікір алмасты. Кездесу соңында ұжымға сәттілік тілеп

Бауыржан Әлиұлы ұстазымыз бұл фәнимен қоштасты.Бауыржан Әлиұлы ұстазымыз бұл фәнимен қоштасты.

Қасиетті жұма күні елімізге белгілі ғалым, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшесі, көптеген кітаптардың авторы Бауыржан Әлиұлы ұстазымыз бұл фәнимен қоштасты.Сарыағаш медресе колледжі ұжымы атынан ғалымның отбасына қайғырып көңіл айтады. Алла Тағала

“Наурыз тарту” атты ұлттық тағамдардан дәм тату байқауын ұйымдастырды.“Наурыз тарту” атты ұлттық тағамдардан дәм тату байқауын ұйымдастырды.

Ұлыстың ұлы күнінің қарсаңында медресе шәкірттері ұстаздарымызбен бірігіп “Наурыз тарту” атты ұлттық тағамдардан дәм тату байқауын ұйымдастырды. Атаулы шараға ұстаздарымыз келіп, арнайы пісірілген халқымыздың ұлттық тағамдарынан дәм татты. Осылайша, ұлттық