Мисуактың маңызы

Қазіргі күніміздің медицинасы тіс саулығы тұрғысында жаңадан шығара бастаған емдеу жолдарын Ислам діні 14 ғасыр бұрын үйреткен. Тістің саулығына өте пайдалы болған мисуак – ең қарапайым және ең жақсы тазалағыш болып табылады. Тістердің шіруінің алдын алу үшін мисуак қолдану өте пайдалы. “Larousse illustre Medical” атты медициналық кітапта: “Барлық тіс пасталары және ұнтақтары тістерге зиянды келеді.
Ең дұрысы қатты тіс щеткасын қолдану. Басында тістерді қанатса да қорықпау керек. Тістің еттерін күшейтеді, одан кейін қанамайтын болады” деп жазылған.

Тіс пасталары ауыздағы пайдалы, зиянды бүкіл микроптарды өлтіреді. Ал мисуак тек зиянды микроптарды өлтіреді. Мисуак дәреттің сүннеті, Шафииде намаздың сүннеті. Хадис шәрифтерде былай делінген:

“Мисуак қолданып оқылған намаз, мисуаксыз оқылған намаздан жетпіс есе артық.” (И. Нәжжар)

“Егер үмметіме қиындық бермейтіндігін білгенімде, әр намаз үшін дәрет алуды және әр дәретте мисуак қолдануды әмір етер едім.” (Бұхари, Мүслим)

“Ауыздарың Құранның жолы, мисуакпен тазалаңдар.” (Әбу Нуайм)

“Пайғамбарлардың бес сүннеті: ұяттылық, жуастық, қан алдыру, мисуак және әдемі иіс.”(Табарани)

“Мисуак еркектің сөйлеу әдемілігін арттырады.” (И.Адий, Хатиб)

“Мисуак ауызды тазалайды, көздің көруін жақсартады, тіс еттерін күшейтеді, тістерді ағартады және құрттауының алдын алады, ас қорытуды жеңілдетеді, асқазанның жұмысын жақсартады, қақырық кетіреді, жақсылықтарды арттырады. Мисуак қолданған адам Аллаһу та’аланы разы етеді, періштелерді қуантады.” (Әбу Нуайм)

Мисуактың отыздан астам пайдалары бар. Ең төмені қиыншылықты кетіреді, ең жоғарысы өлім алдында шәһадат калимасын айтуды еске салады.

Мисуак қолданудың ең аз мөлшері үстіңгі тістерге үш рет, астыңғы тістерге үш реттен сүрту. Мисуак қолданғанда тістердің іші, сыртын, үсті және астын үйкелеп жүргізу керек.

Мисуакты оң қолмен қолдану керек. Оң қолдың кіші және басбармағы мисуактың астында қалған үш саусақ үстінде ұсталады.

Related Post

Білгенге мешіт деген Құдай үйіБілгенге мешіт деген Құдай үйі

«Білгенге мешіт деген Құдай үйі» деп бабаларымыз базына қалдырғанындай 2019 жылы қарашаның 29 жұлдызында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының, Ынтымақ ауылында «Сатыбалды Әбішұлы атындағы ислам орталығы» ашылды. Көркі көз тартқан, ашылмай

Мас көршіМас көрші

Имам Азам хазретінің бір көршісі бар еді. Үйлері тиіп тұратын. Әр күні түнде үйіне ішіп келіп, таңға дейін ән айтып, саз шалып, шулап имам Азам хазреттерінің мазасын қашыратын. Имам Азам

⚜️Түркістан облысы бойынша дін саласының үздіктері анықталды!⚜️Түркістан облысы бойынша дін саласының үздіктері анықталды!

🔰Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен “Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы” байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 🔰12 номинация бойынша жеңімпаздар анықталған жиында Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы “Үздік дәріскер” номинациясының