ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ-ӨҢДІРІСТІК ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Торебеков Нуралы Қадырбекұлы
Туған жылы: 03.01.1981
Туған жері: Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жылға елді мекені, Қарақалпақ ауылы
Отбасылық жағдайы: үйленген, 5 баласы бар.
Бітірген оқу орны:
1998-2003 жж Сарыағаш ауданы, Ынтымақ ауылы «Убай ибн Кааб» медресесі, 2003-2009 жж Дамаск қаласы, «Әл-Фатх Әл-Ислам» институты,
2014-2018 жж Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университеті,
2019-2021 жж Нур Мубарак ЕИМУ «Теология» ЕЖБ,
2021-2023 жж Нур Мубарак ЕИМУ «Исламтану» магистр
Мамандығы: 1509 «Араб тілі және шариат»,
5B011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»,
6В02205 «Теология»,
7М02201 «Исламтану»
Лауазымы: Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары
Жалпы еңбек өтілі: 15 жыл
Педагогикалық өтілі: 15 жыл
Санаты: сарапшы педагог
Ғылыми және басқа атақтары: магистр, сарапшы педагог
Біліктілік арттыру курстары:
- Алматы қаласы 21-24 қаңтар 2013 жылы «Үш қоңыр медресесі» жеке мекемесінде ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен өткен медресе ұстаздарының араб тілі, тәпсір, хадис пәндері бойынша білімдері мен біліктіліктерін жетілдіру семинарына қатысқан.
- Астана қаласы 2017 жылдың 31 шілде – 12 тамыз аралығында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа форматтағы педагогі» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарында оқудан өткен.
- Шымкент қаласы 25 қазан 2017 жылы «Шымкент медресе колледжінің» ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы Аясында «Рухани жаңғыру: Жастардың рухани келбетіне дәстүрлі дініміздің ықпалы» тақырыбында өткізілген семинарға қатысқан.
- Алматы қаласы 2018 жылдың 14 наурыз аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық Орталығында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру» атты семинарда білім алды.
- Сарыағаш қаласы 2018 жылы 09-10 сәуір Оңтүстік Қазақстан облысының әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының жылына ынтымақтастық іс-шаралар бойынша өткізілетін «Модульдік-құзіреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары: маңызы және басымдылықтары» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинарына қатысқан.
- Шымкент қаласы 2019 жылдың 27 наурыз күні Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ұйымдастыруымен «Мектеп медиациясы» жобасы аясында өткен семинар-тренингке қатысқан.
- 2018 жылы 13 желтоқсанда Түркістан облысының Білім басқармасы, Түркістан жоғарғы аграрлық колледжінің ұйымдастыруымен өткен «Студенттерге қызмет көрсету орталығын ашу тәжірибесі» семинарына қатысты.
- 23.02.2022 жылы «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру процесін академиялық дербестікті есепке ала отырып модельдеу» ҚР педагогтерінің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша курсты аяқтады.
- 22.03.2022 жылы Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының ұйымдастыруымен өткен Білім беру ұйымдарының тұтас педагогикалық үдерісінде жағымды ортаны қалыптастыру»
атты республикалық семинарға қатысты.
- 2022 жылдың 05-06 сәуір аралығында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын сараптау бойынша онлайн семинарға қатысты.
- 28.06.2024 жылы «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Білім берудегі менеджмент: қазіргі білім беру жағдайында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру басшысының тиімді стилі» курсын тәмамдады.
- 2024 жылдың тамыз айында Төлеби ауданының «Аманат» партиясы филиалының ұйымдастыруымен «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында «Оқушылар мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру» курсы бойынша 36 сағаттық оқыту семинарына қатысты.
Тәжірибені жинақтау және тарату:
- 2018 жылы 18 сәуір күні «Жастарға жол» Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша жастарды дамыту қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен
Шымкент қаласында өткен «Жас ұрпақтың жаһандық көзқарасы» атты 1-форумына қатысқан.
- Ақтөбе қаласы, 24.07. 2018 жылы Ақтөбе медресе колледжінің 10 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Қоғамдық сананы жаңғырту және рухани білім мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Қызметі негізінде баспасөздегі жариялынымдар:
- 31.07.2019 жылы «Мега білім» атты республикалық журналда «Тәуелсіз елдің ұстазы» тақырыбында мақаласы жарияланды.
- 29.08.2019 жылы «Білім тайм» журналында «Рухани тәрбие мен діни сауаттылықтың тәуелсіздіктегі орны» мақаласы жарияланды.
- 23.07.2023 жылы Нұр-Мүбарак Египет Ислам Мәдениеті университеті, Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығының бастамасымен «Ұлы даланың діни тұлғалары және рухани бірегейлік мәселесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында «Өзбекстандағы медреселер және оның қазақ қоғамындағы әсері» тақырыбында мақала жарияланды.
Педагог жетістігі:
- 2016 жылы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының Алғыс хатымен марапатталды.
- Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылдық округі әкімі А.З.Ашировтың ұстаздар күніне арналған құттықтау қағазын алды.
- Ұстаздар күніне арналған Сарыағаш медресе колледжі директоры А.Ш.Смановтың алғыс хатын алды.
- 2019 жылы Түркістан облысының Білім басқармасынан алғыс хатпен марапатталды.
- 15.04.2022 жылы ҚМДБ қарасты медресе-колледждердің стуленттері арасындағы IV Республикалық араб тілі және фиқһ пәндері олимпиадасының жеңімпаздарын дайындауда үлес қосқаны үшін ҚМДБ діни білім және кадр дайындау бөлімі Алғыс хатпен марапаттады.
- 21.10.2024 жылы Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы әкімінің діни татулық пен тұрақтылықты, конфессияаралық келісімді нығайтуға қосып жүрген үлесі үшін аудан әкімі А.Абдуллаевтың алғыс хатымен марапатталды.
- Түркістан облыс білім басқармасы мемлекеттік мекемесі құрылған комиссияның 2024 жылғы «18» қазандағы №354 бұйрығы шешіміне сәйкес, Торебеков Нуралыға «педагог-сарапшы» біліктілік санатынының куәлігі берілді.
- 26.12.2024 жылы Астана қаласы, ҚМДБ Төралқа мәжілісінде өткен «Мүфтият үздігі — 2024» жобасы аясында «Үздік медресе ұстазы» номинациясымен марапатталды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ
Сарыағаш медресе колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарының 2024-2025 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары
Жұмыс жоспары
Жұмыс мақсаты: Білім – Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолындағы дамуының аса маңызды, әрі басты бағыттарының бірі болып табылады.
Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры – ұстаздың қолында» — деп құрметпен сенім білдірген еді. Осы жолда білім беріп жүрген ұстаздардың атқарар ісі ауқымды. Сондықтан алға қойылатын мақсат – оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы жеке тұлғаның, көп мәдениетті тұлғаның дамуына жол ашу. Осы жолда оқу-өндірістік тәжірибе жұмысының негізгі мақсаттары: Заманауи стандарт талаптарына жауап беретін жоғарғы деңгейдегі сапалы маман дайындауды қамтамасыз ету.
Негізгі міндеттері:
- Өндірістік практикалардың сапасын көтеру мақсатында болашақ мамандардың кәсіби дайындығын жоғарылату;
- Мамандық бойынша әлеуметтік серітестермен келісім шарт түзу;
- Әлеуметтік серітестермен бірге білім беру бағдарламасын, мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарын, жылдық күнтізбелік кесте, білім беру процесін қамтамасыз ету бойынша іс – шара жоспарын әзірлеу және келісу;
- Серіктес мекемелерде білім алушының мамандығы бойынша тиісті жұмыс жағдайлары бар білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес оқу және кәсіптік практика үшін жұмыс орынымен қамтамасыз ету;
- Жоғары сапалы, діни салада еңбек ететін заман талабына сай білікті мамандар дайындау;
- Өз бетінше шешім қабылдап, өзін — өзі басқара алуға баулу;
- Қоғамдық орындарда (колледжде, мешітте, т.б) тәртіп сақтау ережелерін үйрету; құқықтық тәрбие беру;
- Білім алушылардың жауапкершілігін арттыру, адамгершілік қарым – қатынасты қалыптастыру;
- Өз Отанына деген сүйіспеншілігін және азаматтықты қалыптастыру, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу;
- Білім алушылардың оқу практикаларын сапалы өткізуге жағдай жасап, Қазақстан Республикасының білім беру саласының заңдарына, колледждегі бұйрықтар және нұсқаулықтарға сәйкес жүргізу.
| № | Ұйымдастырылатын іс-шаралар | Орындалу мерзімі | Жауаптылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| І. Дайындық жұмыстары. | |||
| Оқу практикаларының сапалы өткізілуін, дәрісханалардың стандартдқа сәйкес жабдықталуын қадағалау. | Жыл бойы | Директордың оқу өндірістік жұмысыжөніндегі орынбасары Н.Торебеков, директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Р. Сманов | |
| Практика жетекшілерінің жұмыстарына талдау жүргізіп, жоғары сапалы білім беру мен кәсіби мамандыққа баулуды қамтамасыз ету. | 1 айда 1рет | Директордың оқу өндірістік жұмысыжөніндегі орынбасары Н.Торебеков | |
| Ағымдық жағдайларға байланысты қызметкерлер жиналысын өткізу, білім алушылардың ағымдық қатысым және үлгерім мәліметтерін жинақтау және талдау, қорытындысын шығару. | 2 айда 1 рет | Директордың оқу өндірістік жұмысыжөніндегі орынбасары Н.Торебеков | |
| Мамандық бойынша оқу, өндірістік практикаларын сапалы өтуге байланысты оқу әдістемелік нұсқаулықтармен қамтылуын қадағалау. | Жыл бойы | Директордың оқу өндірістік жұмысыжөніндегі орынбасары Н.Торебеков, колледж әдіскері Т.Қалмұратов | |
| Оқу корпусында және серіктес мекемелерде білім алушылардың оқу, өндірістік практикалық сабақтарға қатысымына талдау жүргізіп қортындылау, мониторинг жүргізу. | Практика сабақтары кезінде | Директордың оқу өндірістік жұмысыжөніндегі орынбасары Н.Торебеков, практика жетекшілері | |
| Ұстаздар, білім алушылардың техникалық қауіпсіздік ережелері, еңбек қорғау нұсқаулығы және өрттен сақтау, өндірістік тазалықтарды қатаң талап ету. | Жыл бойы | Директордың оқу өндірістік жұмысыжөніндегі орынбасары Н.Торебеков | |
| Колледжде алған теориялық білімдерін, өндірісте пысықтау үшін мешіт, медресе өкілдерімен бірігіп, оңтайлы жағдай жасау | Жыл бойы | Директордың оқу өндірістік ісіжөніндегі орынбасары Н.Торебеков, колледж әдіскері Т.Қалмұратов | |
ІІ. Оқу-өндірістік жұмыстары
| Рет саны | Атқарылатын іс-шаралар | Орындау мерзімі | Жауаптылар |
| Қ.Р. «Білім туралы» заңын орындау мақсатында Қ.Р.білім және ғылым министрлігінің 2016ж. 28.01. №93 бұйрығындағы кәсіптік орта оқу орны білім алушыларының кәсіптік тәжірибесі туралы Ережені толықтай басшылыққа алып Білім алушылардың тәжірибесін бекітілген оқу жоспары бойынша ұйымдастыру | Оқу жылы бойында | Директордың оқу- өндірістік жұмысыжөніндегі орынбасары, оқу бөлімінің меңгерушісі, бөлім меңгерушісі | |
| Оқу жоспарына сәйкес оқу топтарына оқу, өндірістік және диплом алдындағы тәжірибелердің күнтізбектік кестесін дайындау. | Қыркүйек | Директордың оқу- өндірістік жұмысыжөніндегі орынбасары | |
| Оқу, өндірістік, диплом алдындағы тәжірибелер өткізілетін мекемелермен әлеуметтік серіктестік ретінде келісім-шарттар жасау. | Оқу жылының барлық айларында | Директордың оқу -өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары | |
| Мамандық бойынша тәжірибелерінің әдістемелік нұсқауларын әзірлеуді және кітапша шығаруын қадағалау | Жыл бойында | Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, әдістемелік орталық | |
| Оқу, өндірістік–технологиялық, диплом алдындағы тәжірибелердің есебін қабылдау (кесте бойынша) | Жыл бойында | Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынб-ры, практика жетекшілері | |
| Колледж бітірушілерін жұмысқа орналастыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру. | Жыл бойы | Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, топ жетекшілері |
ІІІ Жұмыс жоспары
| № | Іс-шаралар атауы | Орындалу мерзімі | Орындаушы |
| 1. | 2023-2024 оқу жылына арналған оқу-өндірістік практика бойынша жұмыс жоспарын бекіту | Қыркүйек | Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары |
| 2. | Оқу практикаларын өткізу, практика сапасын қадағалау | Жыл бойы | Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, арнайы пәндердің кафедра меңгерушілері |
| 3. | Арнайы пәндер кафедраларының практикалық жұмыс жоспарларын және оқу, өндірістік практикаларының ұйымдастырылуын қадағалау | Жыл бойы | Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, колледж әдіскері |
| 4. | Оқу практикаларын оқытудың сапасын арттыру, білім алушылардың қатысымын қадағалау | Жыл бойы | Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, бөлім меңгерушісі |
| 5. | Білім алушылардың әлеуметтік серіктестерде өндірістік практикалардан өтуін қадағалау | Жыл бойы | Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, бөлім меңгерушісі, практика жетекшілері |
| 6. | 2023-2024 оқу жылының колледж түлектерінің жұмысқа орналасу жағдайын талдау | Жыл бойы | Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, бөлім меңгерушісі, практика жетекшілері |
Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары: Н.Торебеков
