ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС
Педагогикалық кеңесте БЕКІТЕМІН:
(хаттама №1 31.08.24ж.) Колледж директоры
ҚАБЫЛДАНҒАН: __________ Д.А.Сманов
« 31» тамыз 2024ж
«Сарыағаш медресе колледжі» жеке мекемесі 2024-2025 оқу жылына
арналған жылдық «қамқоршылық» кеңесінің жоспары
(мемлекеттік лицензия KZ16LAA00014948)
Қамқоршылық кеңесі жұмысының бағыттары:
- «Сарыағаш медресе колледжі» жеке мекемесінің білім беру, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету
- «Сарыағаш медресе колледжі» жеке мекемесінің әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыстық жағдайлары мен жұмыспен қамтылуын жақсарту
- «Сарыағаш медресе колледжі» жеке мекемесі қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу
- Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, колледж жайларын жабдықтау;
- Білім беру процесінде пайдалануға рұқсат етілген (жіберілген) оқулықтарды бекітілген тізбеден таңдау;
- «Сарыағаш медресе колледжі» жеке мекемесі басшылығының Қамқоршылық кеңесі алдындағы есебін тыңдап-қабылдау.
Қамқоршылар кеңесінің функциялары және міндеттері
1. ТжКБ ұйымының Қамқоршылық кеңесі:
1) ТжКБ ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды келіседі;
2) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес анықтаған ТжКБ ұйымының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
3) ТжКБ ұйымының бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныстар әзірлейді;
4) ТжКБ ұйымның жарғысы мен ішкі тәртіп ережелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді келіседі;
5) «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) ТжКБ ұйымы басшысының бос лауазымына орналасуға кандидаттармен әңгімелесу қорытындылары бойынша хаттамалық шешімді келіседі және шығарады;
6) ТжКБ ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде келіседі және хаттамалық шешім шығарады, оның нысаналы жұмсалуы туралы, демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдалану бағыттарын, нысандарын, мөлшері мен тәртібін таңдау жөнінде шешім қабылдайды;
7) білім алушылардың, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға, олардың құқықтарын қорғауға, тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларды физикалық, психикалық және өзге де зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктен қорғауға жәрдемдеседі;
8) санитариялық-гигиеналық жағдайлардың сақталуына, тамақтану сапасына, ауыз су режиміне, іргелес аумақтың жай-күйіне қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
9) ТжКБ басшысының ТжКБ ұйымның қызметі туралы есептерін жылына кемінде 2 (екі) рет тыңдайды;
10) қиын өмірлік жағдайға тап болған тәрбиеленушілерге қолдау көрсету және материалдық-техникалық базаны нығайту үшін ТжКБ ұйымының шотына түсетін демеушілік қаражаттың жұмсалуына бақылайды;\
11) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын отбасылардан шаққан білім алушыларға көмек көрсетудi ұйымдастыруға жәрдемдеседi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ерекше бiлiм алуды қажет ететiн балаларды, дарынды балаларды қолдау шараларын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
12) ТжКБ ұйымының әкімшілігіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүргізуге жәрдемдеседі;
13) ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне анонимді сауалнама жүргізу арқылы ТжКБ ұйымда оқу жағдайларына қанағаттану дәрежесіне жылына 1 (бір) рет мониторинг жүргізеді;
14) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу процессіне сониторинг жүргізеді;
15) ТжКБ ұйымының әкімшілігіне білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, алкоголизмнің, темекі шегудің, қаңғыбастықтың, қайыршылықтың, қорлаудың, ойынға құмарлықтың алдын алуда жәрдемдеседі
16) білім алушылар арасында тәртіпті нығайтуға және мұғалімдер, білім алушылар, ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер арасында туындаған жанжалдарды шешуге көмектеседі;
17) ТжКБ ұйымының қызметі бойынша мәдени-сауықтыру іс-шараларын, конференцияларын, кеңестерін, семинарларын өткізуге ықпал етеді;
18) талантты жастарды қолдау шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
19) Қамқоршылық кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң және нормативтік құқықтық актілер жобаларын қоғамдық талқылауға қатысады.
Бақылау барысында анықталған бұзушылықтар кезектен тыс отырыстың қарауына шығарылады.
20) Қамқоршылық кеңестің қызметі оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
1. Қамқоршылық кеңестің отырысы тоқсанына кемінде 1 рет өткізіледі. Қамқоршылық кеңестің отырыстарын бейнеконференцбайланыс режимінде өткізуге жол беріледі.
2. Отырысты өткізу туралы ақпаратты Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің барлық мүшелерін хабардар ете отырып, ТжКБ ұйымының интернет-ресурсында орналастырады.
Интернет-ресурстағы ақпарат отырыстың өткізілетін күнін, уақытын және орнын қамтиды.
3. Отырыстарға азаматтық қоғамның бақылаушылары қатысады.
4. Осы ТжКБ ұйымының Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің арасынан Қамқоршылық кеңестің отырысында көпшілік дауспен ашық дауыс беру жолымен сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.
5. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және оның қызметін осы Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын қамқоршылық кеңестің құрамына кіретін жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерін қоспағанда, Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
6. ТжКБ ұйымы қызметкерлерінің немесе тәуелсіз тұлғалардың арасынан сайланатын және қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайтын Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңес отырыстарының материалдары мен хаттамаларын дайындауды, өткізуді, ресімдеуді қамтамасыз етеді.
7. Отырысқа оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысса, Қамқоршылық кеңестің отырысы заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне не адамға сенімхат бойынша беруіне жол берілмейді.
8. Қамқоршылық кеңестің шешімі оған қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы қол қояды. Дауыстар тең болған жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы немесе Қамқоршылық кеңес төрағасының функцияларын жүзеге асыратын адам дауыс берген шешім қабылданады.
9. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін білім беру ұйымының әкімшілігі заңда белгіленген мерзімде тиісті шешімдер қабылдай отырып қарайды.
10. Қамқоршылық кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен барлық қатысып отырған мүшелері қол қояды және ТжКБ ұйымының басшысына келісуге енгізіледі.
11. ТжКБ ұйымының басшысы Қамқоршылық кеңестің шешімімен келіспеген кезде келіспеушіліктер оларды еңсеру үшін қамқоршылық кеңестен және мектепке дейінгі ұйымнан қатысушылардың тең саны қатысатын комиссия (бұдан әрі – Келісу комиссиясы) құрылатын келісу рәсімдері арқылы шешіледі.
Келісу комиссиясының мүшелері өз құрамынан келісу комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен төрағаны сайлайды. Келісу комиссиясы келіспеушіліктер туындаған шешімдерді қарайды.
Келісу комиссиясы шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Келісу комиссиясының шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. «Қолдаймын» немесе «қарсымын» дауыстар саны тең болған кезде келісу комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
12. Қамқоршылық кеңестің шешімдерін кеңес хатшысы ТжКБ ұйымның интернет-ресурсында орналастырады.
13. ТжКБ ұйымға қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша ғана жұмсалады.
14. ТжКБ ұйымға қабылданған қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер:
1) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ТжКБ ұйымдары үшін — Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде ашылған қайырымдылық көмекке арналған қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
2) өзге ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған ТжКБ ұйымы үшін — екінші деңгейдегі банкте ашылған шотқа аударылады.
16. Қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
1) ТжКБ ұйымының білім алушыларын әлеуметтік қолдау;
2) ТжКБ ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіру;
3) дарынды балаларды қолдау;
4) дамушы ортаны ұйымдастыруға.
17. ТжКБ ұйымы жыл сайын қаржы жылының қорытындысы бойынша ата-аналар жұртшылығын осы ТжКБ ұйымының интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қызмет нәтижелері туралы хабардар етеді.
18. Қамқоршылық кеңестің мүшесі осы кеңестің қызметі шеңберінде жеке деректерді қорғау, мемлекеттік және қызметтік құпия, коммерциялық құпия туралы қолданыстағы заңнамамен қорғалатын мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге болмайды.
Сарыағаш медресе колледжіндегі
«Қамқоршылық» кеңесінің жылдық жұмыс жоспары.
2024- 2025 оқу жылы.
| № | Қаралатын мәселелердің, жұмыстардың атауы | Орындау мерзімі | Индикаторлар/ Соңғы нәтиже | Жауаптылар |
| 1. | «Қамқоршылық» кеңестің 2023 – 2024 оқу жылғы жоспарын бекіту. | Тамыз | Қамқоршылық кеңесі» құзыреттілігі құрамын құру,бекіту | Колледж әкімшілігі. Кеңес мүшелері |
| 2. 2.1 | Колледж бойынша әлеуметтік қамқорлыққа алынатын оқушылардың тізімін топ жетекшілерімен бірлесе анықтау Әлеуметтік диагностика жасау: тұл жетім, жартылай жетім, оралман, көп балалы, оралман және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын анықтау және олармен жұмыс жүргізу. | Қыркүйек | Коледждің әлеуметтік паспортын жасау арқылы әлеметтік санатқа жататын білім алушыларды әлеуметтік көмекке ұсыну | ДТЖЖО , заңгер, педагог – психолог, әлеуметтік педагог , топ жетекшілері,кеңес мүшелері |
| 3. 3.1 3.2 | — Жетім және ата – анасының қамқорлығысыз қалған оқушыларды, аз қамтамасыз етілген отбасы және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету. Колледжасханасында оқушыларды тегін ыстықтамақпен қамтамасыз ету. Нашар отбасынан шыққан оқушыларға қыстық киімдер алып беру. | Қазан-қараша | Білім беру сапасын және студенттердің қатысымын, оқу құралдарын, асханада тамақтануын тексеру | Педагог – психолог, кітапхана меңгерушісі, ДТЖЖО, топ жетекшілер, Кеңес төрағасы |
| 4. 4.1 | ҚР«Баланың құқығы тұралы» заңы мен БҰҰ «Баланың құқтарығы тұралы» халықаралық конвенцияны . ҚР«Неке және отбасы Заңын» талқылау. | Қараша | Әлеуметтік жәрдемақы бойынша жасалған ұсыныстың бұйрықтары мен нормативтік құжаттардағы міндеттемелердің орындалуын қадағалау | ДТЖЖО , кеңес төрағасы,заңгер, педагог – психолог, әлеуметтік педагог , топ жетекшілері,кеңес мүшелері |
| 5. 5.1 | — Жетім және ата – анасының қамқорлығысыз қалған оқушылардың үйлеріне тұрған – жай актісін жүргізу, атында мүлкі бар немесе жоқтығын, оның сақталуын анықтау. — Аз қамтамасыз етілген отбасы көп балалы отбасы және жартылай жетім оқушылардың үйлеріне тұрғын – жай актісін жүргізу. | Желтоқсан | жұмыс жоспарының есебі. | ДТЖЖО , кеңес төрағасы, кеңес мшелері |
| 6. 6.1 | — Жетім және ата – анасының қамқорлығысыз қалған оқушыларды бақылау және әлеуметтік педагогикалық жұмыстар жүргізу: — Аз қамтамасыз етілген оқушылармен әлеуметтік – психалогиялық диагностикалық жұмыстарын атқару. | Қаңтар-ақпан | Бірлескен іс-шаралар жоспары | ДТЖЖО , заңгер, педагог – психолог, әлеуметтік педагог ,жастар бөлімі, топ жетекшілері. |
| 7. | — Жетім және ата – анасының қамқорлығысыз қалған оқушыларды жаңа жылдық шараға алып бару және мерекелік силықтар ұйымдастыру . | Наурыз-сәуір | Бірлескен іс-шаралар жоспары | Кеңес төрағасы,ДТЖЖО , заңгер, педагог – психолог, әлеуметтік педагог , топ жетекшілері,кеңес мүшелері |
| 8. | — Жетім және ата – анасының қамқорлығысыз қалған оқушыларды, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан балаларға әлеуметтік көмектер көрсету. | Мамыр | Бірлескен іс-шаралар жоспары | Кеңес төрағасы,ДТЖЖО , заңгер, педагог – психолог, әлеуметтік педагог , топ жетекшілері,кеңес мүшелері |
| 9. 9.1 | Жетім және ата – анасының қамқорлығысыз қалған оқушылардың әлеуметтік ортасына зерттеу жұмыстарын жұргізу. Қиын және құқықбұзуға бейім балалармен әлеуметтік психалогиялық жұмыстар атқару. | Мамыр | Бірлескен іс-шаралар жоспары | Кеңес төрағасы,ДТЖЖО , заңгер, педагог – психолог, әлеуметтік педагог , топ жетекшілері,кеңес мүшелері |
| 10. | — Жетім және ата – анасының қамқорлығысыз қалған оқушылардың қамқоршыларымен әңгіме өткізу, есебін алып тұру. | Жыл бойы | Бірлескен іс-шаралар жоспары | Кеңес төрағасы,ДТЖЖО , заңгер, педагог – психолог, әлеуметтік педагог , топ жетекшілері,кеңес мүшелері |
| 11. 11.1 | — 1 маусым – Балаларды қорғау күніне байланысты қабырға газеттерін шығару, мәдени – тәрбие іс – шара ұйымдастыру және оқушыларды қатыстыру. | Маусым | жұмыс жоспарының есебі | ДТЖЖО ,кеңес төрағасы,кеңес мүшелері |
Сарыағаш медресе колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Е.Калжанов
Әлеуметтік педагог: Асанова .Б
