Тәуелсіздік қарлығаштары

Қасиетіңнен айналдым құтты мекен,

Бұл күнде даңқың бәрін ұтты ма екен?

Құдайдан сұрап алтын бабаларым,

Осы күнді асыға күтті ма екен?

Өзіңде білімділер ақын, дана,

Туыпты хандар, билер, батыр ғана.

Мың жарым жылдан аса тарихы бар,

Түркістаным, ержүрек, батыр қала.

Төріне ұя салар еркін келіп,

Түркістан — қарлығаштың саябағы.

Тәуелсіз емес күнде жылатпаған,

Тәуелсіз күнде анық аялары.

Қарлығаш құсы жайлы қалған аңыз,

Естісек әлі күнге таңданамыз.

Қасиетті құс санап, жанын қиған,

«Төле би» дейтін бізде болған абыз.

Ертеде шапқан екен Жоңғар елді,

Талқандап келе жатыр асып белді.

Үй-жайын жинап бәрі аттанбаққа,

Бірінің соңдарынан бірі ерді.

Қалыпты бұл сұмдықтан халық сасып,

Кетіпті үлкен зырғып, бала қашып.

Тек бір қарт қалған екен үйін жықпай,

Жаумен жақын қалса да арақашық.

Қалмақтың әскербасы таңданыпты,

«Қашып неге кетпедің еліңе еріп?»

Ақырын үй төбесін меңзеп тұрып,

Төле би былай депті жауап беріп:

Шаңырағыма қарлығаш ұя салған,

Бұзуға барар емес алақаным.

Үйімді бұзсам ол да құлайды-ау деп,

Қимадым қарлығаштың балапанын.

Бұл қандай киелі құс жаннан артық,

Қалмақтың әскербасы таң қалыпты.

Мән-жайға қаныққан жау Төле бидің,

Адамдық қасиетін аңғарыпты.

Еркіне қоя беріп қарияны,

Риза боп деседі жұрт бата алыпты.

Төле би содан бері ел аузында,

«Қарлығаш би» болып аталыпты.

Қарлығаш жайлы тағы ертегі бар,

Балаға оны «Дос» деп таныстырған.

Айдахар сырқаттанып қалыпты-мыс,

Алдырып бар емшіні алыс қырдан.

Жиналған тәуіптердің арасынан,

Біреуі емін тауып, сауға алыпты.

Нәрестенің қаны ем болатын боп,

Бұл істі маса келіп қолға алыпты.

Бесікте ұйықтап жатқан нәрестеге,

Тұмсығын сұғып апты маса келіп.

Шырылдатып сәбидің қанын сорып,

Кетпегі сол-ақ екен қаша беріп.

Қанның тәтті екенін білсе егер,

Адамның қашырар деп құтын тағы.

Қарлығаш қанатымен бір қақты да,

Қанды төгіп жіберді құтыдағы.

Сұм айдахар қарлығашқа тап берді,

Орындалмай қалғанына бұйрығы.

Адамзатқа достық қолын созам деп,

Қарлығаштың содан айыр құйрығы.

Қарлығашым, адамзаттың шын досы,

Кірлетпейтін «Достық» деген ұғымды.

Қиын күнде елден безіп кетпеп ең,

Рахатты да бірге көрші бүгінгі.

Айдай келіп дегені даналардың,

«Қиындықтың бәрі де ұмыт қалат»

Егеменді елімде жатыр бүгін,

Қой үстінде бозторғай жұмыртқалап.

Әрбір үйдің шаңырағы кең бүгін,

Ұяңды сал, балапан бас, кел, күнім!

Бұрынғыдай үркімейсің, себебі,

Туған жерің егеменді ел бүгін.

Тіршіліктің символы боп ұша бер,

Қарлығашым, кеңге салып арқаны.

Өзіңменен бірге куә болатын,

Алда талай қызығымыз бар тағы.

АБДУЛЛАЕВА ФАРИДА ҚОЖАБЕКҚЫЗЫ

Related Post

Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгiсiПатриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгiсi

Казакстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 6 бабы, 2 тармағына және ТжКББ бөлімінің 2021-2022 жылға арналған жоспары негiзiнде, адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының 31.01.2022-ғы №20 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысы Түркістан қаласы

Тәуелсіз елдің ұстазы – 2021Тәуелсіз елдің ұстазы – 2021

Тәуелсіздік – жүрекке жылы, құлаққа жағымды, мақтаныш сезімін ұялататын сөз. Йә, йә, нақ осы сөздің қадір-қасиетін, мағынасын жақсы түсінетін халықтың бірі екендігіміз ақиқат. Балалары – құл, қыздары – күң болуды

⚜️16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай “Байлығымыз да , бақытымызда Тәуелсіздік” атты эссе жазудан 13-11-12 тобы тәрбие сағатын ұйымдастырды.⚜️16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай “Байлығымыз да , бақытымызда Тәуелсіздік” атты эссе жазудан 13-11-12 тобы тәрбие сағатын ұйымдастырды.

🔰Шәкірттерге бұл ерекше тәрбие сағаты шығармашылық қабілетін шыңдауға, патриоттық сезімін арттыруға бағытталған. 🔰Барлық топ шәкірттері елге,отанға деген бар сүйіспеншілігін қағаз бетіне жазып,өз ойларын ашық жеткізуге тырысты. Отанына адал ұрпақтарымыз көп