Сарыағаш медресе колледжінде «Салауатты өмір — денсаулық кепілі» тақырыбында апталық онлайн сайысы ұйымдастырылды

Сарыағаш медресе колледжінде «Салауатты өмір — денсаулық кепілі» тақырыбында апталық онлайн сайысы ұйымдастырылды. Спорттың керме және серіппе түрлерінен өткен жарысқа оқу орнының барлық студенттері қатысты. Білім мекемесінің директоры Дінмұхаммед Сманов сайысқа қатысушы студенттер мен ұйымдастырған ұстаздар қауымын алғыс хаттармен, мадақтама грамоталарымен марапаттады. Сондай-ақ жүлделі орын алған шәкірттерге «Жаннатул фердауси» қайырымдылық қоры атынан ақшалай сыйлықтар берілді. Керме сайысынан:1-ші орын Айтуаров Рамазанға (15 000 тг), 2-ші орын Тулеген Бақдаулетке (10 000 тг), 3-ші орын Кабулов Келдібекке (5 000 тг).Серіппе сайысынан:1-ші орын Жияқбаев Ерасылға (15 000 тг), 2-ші орын Хурсанов Әлібекке (10 000 тг), 3-ші орын Айтуаров Рамазанға (5 000 тг) бұйырды.

 

Related Post

17 наурыз – Шаңырақ күні17 наурыз – Шаңырақ күні

Сарыағаш медресе колледжі баршаңызды Шаңырақ күнімен шын жүректен құттықтайды! Шаңырақ – халқымыздың ең қастерлі ұғымдарының бірі. Ол – отбасының тұтастығы, бірлік пен берекенің белгісі. Әрбір шаңырақта мейірім мен сыйластық орнап,

Келелі кездесуКелелі кездесу

Бүгін ОҚО Сарыағаш ауданы, Жарты төбе а/о Ынтымық ауылында орналасқан  «Сарыағаш медресе колледжіне» іс сапарымен ОҚО өкіл имамы Ахметжан Керімбек келіп кетті.