Сарыағаш медресе колледжінде 2020 жылдың 22-24 маусым аралығында бітіруші түлектердің қорытынды емтиханы өтті

Сарыағаш медресе колледжінде  2020 жылдың 22-24 маусым аралығында                0112000-Исламтану мамандығы бойынша бітіруші түлектердің қорытынды емтиханы өтті.  COVID-19 жұқпалы індетіне байланысты   емтихан онлайн негізде жүрді.

Емтиханды мемлекеттік аттестациялау комиссиясының төрағасы, ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі С.Сейтбеков, мүшелері, Сарыағаш ауданының бас имамы Т.Толебеков, «Шымкент медресе колледжінің» арнайы пән оқытушысы және «Сарыағаш медресе колледжінің» арнайы пән оқытушылары қабылдады.

Медреседе оқыған Құран, фиқһ, араб тілі т.б. пәндері бойынша емтихан алынды. Жалпы, 220 түлектер жоғары деңгейде емтихан тапсырды.

Өткізілген барлық мемлекеттік емтихандар жақсы ұйымдастырылған түлектер өз кәсіби дейгейіне сай білімдерін көрсете алды.  «Имам хатиб» және  «Ислам негізінің мұғалімі» біліктілігін алған бітірушілеріміз дәстүрлі дініміздің өркендеуіне аянбай еңбек етеді деп сенеміз. Санаулы күндері диплом алып, ілім деген аманатты арқалап үлкен өмірге қадам басатын түлектерге Алла Тағала алдағы жолдарын ашсын деп тілейміз!

Related Post

Егін мен жеміс-жидек зекетіЕгін мен жеміс-жидек зекеті

С: Егіс пен бау – бақша өнімдерінен зекет беріле ме? Ж: Иә, беріледі. Жер өнімінің суғарылуына қарап, оннан бірі (ұшырдан) немесе бірінің жартысы зекет ретінде беріледі.

Діни экстремизмнің жастар санасына әсеріДіни экстремизмнің жастар санасына әсері

Тәуелсіздік орнағалы, міне 30 жылға аяқ бастық. Осы уақыт ішінде жасы да, кәрісі де білім жинап, ақыл тоқтатып үлгереді. Жастар халық санының 21% құрайды, яғни елімізде орта жастағы адам саны