13 жасар Айдын

Рамазан Құран айы болғандықтан қасиетті айдағы жақсы амалдардың бірі – Құран хатым ету. Биылғы жылы Рамазан айының бірінші күнінен бастап Сарыағаш медресе колледжінде колледжіміздің 3 курс шәкірті Махан Айдын тарауық намазында хатым түсірді. Тарауық намазының соңғы күні колледжімізде қасиетті Құран Кәрім хатым етіліп батасы жасалды. Айдын  ШҚО тумасы бізге келгенінде 13 жасар бала болатын. Осында мектепті тәмәмдәп одан колледжімізге оқуға түсті. Міне биыл Хақтан хабар түскен айда Қасиетті құранды толық оқып шықты.

Колледждің қамқоршысы Сманов Абдужаппар Шәкірұлы, Айдын қариға алғысын білдіріп, жамағат алдында 1000 ақш теңгесін беріп, жақсылық тіледі.

Related Post

«Қазнет Дода — 2013» конкурсының жеңімпаздары анықталды«Қазнет Дода — 2013» конкурсының жеңімпаздары анықталды

«Қазнет Дода —  2013» ұлттық интернет байқауы өз мәресіне жетті. Осы бәйгеге  9 номинация бойынша  91 сайт қатысып, біздің сайтымыз діни сайттар арасында 3-ші орынды иеленді.

Дәретті бұзатын амалдарДәретті бұзатын амалдар

С: Кіші дәрет қашан бұзылады? Ж: Дәрет мынандай әрекеттерге жол бергенде бұзылады. Оларды дәретті бұзатын амалдар дейді.