Сарыағаш медресе колледжіне Германиядан мейман келді

Екхарт Хортсман Сарыағаш медресе  колледжіне арнайы ат басын бұрды. Оны еліміздің діни білім беру жүйесі қызықтырады екен. Колледж ұстаздарымен сұхбаттасып, мемлекеттік грант бөлу жағы мен медреседен басқа қандай мамандықты меңгеруге болатыны жайлы сұрады.

Бұрын тек қана Сарыағаш медресесі болып келген оқу ордасы екі жылдан бері колледж мәртебесіне ие. Мұнда қазір сегіз  жүздей студент бар. Биыл мемлекеттен елу орындық грант бөлінген. Оларға шəкіртақы да тағайындалған. Ал қалған  білімгер колледж есебінен оқуда. Яғни, мұнда сабақ та, тамақ та, жатар орын да тегін. Колледж түлектеріне тек қана имам немесе молда болып қызмет етуі шарт емес. Əрі қарай жоғары оқу орындарында білімін жетілдіріп, мемлекеттік органдар да қалаған мамандығы бойынша жұмыс істейтін болады. Сарыағаш медресе-колледжінің міндеті діни діңгегі мықты буын тəрбиелеп беру.

Екхарт Хортсман   жуырда Кёльнде Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның қатысуымен ашылған мешіт жайында айтты.
Ашылу салтанатында Германия канцлері Ангела Меркельдің өз елінде мейлі мұсылман, не христиан немесе басқа да конфессия өкілдерінің тең құқықты екенін атап өтіпті. Бұл да болса, жергілікті мұсылмандарға тəп-тəуір демеу болғанын тілге тиек етті.

Сондай германиялық қонақ өзі туып-өскен ауылда мұсылмандармен көрші тұрғанын, ол жерде мешіт және медресе болғанын əңгімелеп берді. Кейін ол мұсылман отбасылар басқа қалаға көшіп кеткен соң, мешіттің де, медресенің жабылып қалғанын қынжылыспен жеткізді.

Қашаннан тазалықты сүйетін неміс мейман Сарыағаш медресе-колледжінің тəртібі мен тазалығына дəн риза боп кетті.

Мөлдір Нұрман

Related Post

Асарға кел ағайын!Асарға кел ағайын!

Сарыағаш медресе-колледжінің жанында салынып жатқан мешітке қаражат та, жұмыс күші де жетіңкіремей жатыр. “Көп түкірсе көл болады”, “Саусақ бірікпей, ине ілікпейді” деген бабаларымыздың өсиетіне құлақ түріп асарлатсақ игі еді.

Қос қуанышҚос қуаныш

Адамның бір қызығы бала деген, Баланы оқытуды жек көрмедім. Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім. Осыдан  үш жыл алдын Сарыағаш өңірінде қуанышты жайттың куәсі болып

Ғаламның Жаратушысының жалғыз дара екеніне сокральды мәтіндерден дәлелдерҒаламның Жаратушысының жалғыз дара екеніне сокральды мәтіндерден дәлелдер

Автор: Джанабаева Арайлым Абдрахмановна Аннотация:  Мақалада имам Абу Мансур әл Матуридидің «таухид кітабы» бойынша ғаламды жаратқан Жаратушы жалғыз яғни Дара екенідігін сокральды мәтіндер (нақыли) әрі рационалисттік  (ақыли) тұрғыдан дәлелдейтін боламыз.