Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы Сарыағаш ауданына іс сапармен келді.

Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы Сарыағаш ауданына іс сапармен келді. post thumbnail image

Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы Сарыағаш ауданындағы сапарын «Сарыағаш медресе колледжінен»бастады. Колледжімізге келмес бұрын ұлағатты ұстаз Сманов Абдусаттар Шәкірұлының қабірі басында құран бағыштап дұға жасады. Алғашқы сапарын колледжен бастаған өкіл имам Наурызбай қажы Таған ұлы студенттердің дәрістеріне кірді. Студенттерге тек діни біліммен ғана емес дүние ілімдерінден меңгеруді атап өтті. 21- ғасыр жаңа технологиялар заманы екені ескере отырып компьютерлік сауаттылықтың болуы, кезінде ата-бабамыз дінімізді үйрену үшін парсы, көне түркі шағатай, өзбек тілдерін де сөйлеп қана қоймай жаза да білгендігін тілге тиек етті. Сіздер де орыс, ағылшын тілін меңгеріп, дінімізді  осы тілдер де  жеткізуге  болады деп атап өтті.  Наурызбай қажы Таған ұлы өзі жазып  шыққан «Үміт сәулесі» атты кітабын сыйға тартты.

Өкіл имам орта азияда мұнарасың биіктігі 63 м болатын мешіт құрылысымен танысып, алдағы тәуелсіздік күнінде ашылуын Алладан дұға етіп сұрады.

Сарыағаш  медресе колледжі баспасөзі

 

Related Post

⚜️25-қазан “Республика күніне” орай медресе колледж шәкірттеріне әр топ бойынша тәрбие сағаттары өткізілді!⚜️25-қазан “Республика күніне” орай медресе колледж шәкірттеріне әр топ бойынша тәрбие сағаттары өткізілді!

⚜️Тәрбие сағатының мақсаты шәкірттерді туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі — туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.