Мас көрші

Имам Азам хазретінің бір көршісі бар еді. Үйлері тиіп тұратын. Әр күні түнде үйіне ішіп келіп, таңға дейін ән айтып, саз шалып, шулап имам Азам хазреттерінің мазасын қашыратын.

Имам Азам оған ештеңе деместен, сабыр ететін. Бір күні түнде әлгі жігіттің дауысын естімеген Әбу Ханифа (раһметуллаһи алейһ) таңырқап, таңертеңгісін көршісінің есігін қағады. Есікті ашқан көршісінің әйеліне:

— Күйеуіңіздің дауысы шықпағанынан алаңдап едік, әйтеуір ештеңе боп қалмады ма екен? — деп сұрайды. Әйел мұңайғанымен қоса ұялып:
— Оны түнде базардан мас күйде келе жатқан жерінен сақшылар түрмеге қамап қойыпты,- дейді.
Мұны естіген Имам Ағзам дереу әкімнің үйіне барады. Әкім оны көрісімен орнынан тұрып құрметпен сәлемдеседі, кейін:
— Уа имам! Келген себебіңізді айтасыз ба, бір қалауыңыз бар ма?- деп сұрайды. Имам Ағзам:
— Әкім мырза, біздің бір көршіміз бар еді, түнде мастығы үшін қамауға алынған екен. Соны бостуыңызды сұраймын,- дейді. Бұдан кейін әлгі жігітті босатып, Имам Ағзамға тапсырады. Жолда хазреті Әбу Ханифа:
— Ренжіме кеше бұл жағдайдан хабарымыз болмады және бала-шағаңа напақа бере алмадық, мына ақшаларды ал да олардың напақасын қамтамасыз ет!- дейді.

Көрші жігіт қатты өкініп, ұялғанынан қызарып кетті. Шын көңілмен тәубе етті. Өлгенге дейін Имам Ағзамнан айрылмады. Оның садық шәкірттерінен болып, көптеген ихсандарға қауышты.

Related Post

Шәкірттерді қызметке шақырдыШәкірттерді қызметке шақырды

Сарыағаш медресе-колледжінде сегіз жүзге жуық студент бар. Олардың жартысы тоғызыншы сыныптан кейін оқуға түскен. Жер-жерден келген шәкірттер  «Исламтану» мамандығын меңгеріп шығады. Сарыағаш медресе-колледжінің түлектерін тартып, облыста туындап жатқан кадрлық тапшылықты шешу

🤲 Жұма мүбәрак болсын, құрметті жамағат!Алла Тағала адамзатқа берген ең үлкен нығметтерінің бірі – отбасы. Отбасы – мейірімнің мекені, тыныштықтың ордасы, сүйіспеншілік пен түсіністіктің алтын ұясы.Құран Кәрімде:»Әрі Ол сендерге өздеріңнен жұбайлар жаратты. Солардың қасында жан тыныштығын табуларың үшін. Сондай-ақ араларыңа сүйіспеншілік пен мейірім салды. Шын мәнінде ойланатын ел үшін ғибраттар бар» (Рум сүресі, 21-аят).Осы қасиетті жұма күні әр шаңыраққа береке, әр жүрекке тыныштық нәсіп болғай! Отбасыңыз аман, ырысыңыз берекелі, бірлігіңіз бекем болсын!🤲 Жұма мүбәрак болсын, құрметті жамағат!Алла Тағала адамзатқа берген ең үлкен нығметтерінің бірі – отбасы. Отбасы – мейірімнің мекені, тыныштықтың ордасы, сүйіспеншілік пен түсіністіктің алтын ұясы.Құран Кәрімде:»Әрі Ол сендерге өздеріңнен жұбайлар жаратты. Солардың қасында жан тыныштығын табуларың үшін. Сондай-ақ араларыңа сүйіспеншілік пен мейірім салды. Шын мәнінде ойланатын ел үшін ғибраттар бар» (Рум сүресі, 21-аят).Осы қасиетті жұма күні әр шаңыраққа береке, әр жүрекке тыныштық нәсіп болғай! Отбасыңыз аман, ырысыңыз берекелі, бірлігіңіз бекем болсын!