Келелі кездесу

Бүгін ОҚО Сарыағаш ауданы, Жарты төбе а/о Ынтымық ауылында орналасқан  «Сарыағаш медресе колледжіне» іс сапарымен ОҚО өкіл имамы Ахметжан Керімбек келіп кетті.

Өзінің жүріп өткен өнегелі өміріменен шәкірттер арасында бөлісіп жарасымды сұхбат өткізді. Білім алудың қаншалықты маңызды екенін, және де сол жолда бірнеше қиыншылықтарға төзім еткенде ғана үлкен жетістіктерге жету мүмкін болатындығын айтып өтті. Биылғы бітіруші түлектерге қаншама аудан, ауылдарда білікті кадрлардың тапшы екендігіне байланысты алған білімдеріне сай қызмет атқаруларын ұсынды. Ал, оқуды жалғастырып үлкен белестерді бағындырмақшы болған ілім ізденушілерге жол сілтеп жәрдем беруге дайын екендігін тілге тиек етті. Сөз соңын «Кімде-кім Алла разылығы үшін білім алып қызмет қылатын болса, екі дүниеде жүзі жарық құлдардан болады» — деп аяқтады.

Сарыағаш медресе колледжі баспасөз қызметі 

www.medrese.kz

 

IMG_5134IMG_5126

Related Post

1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде 2025-2026 жаңа оқу жылының басталуына орай, салтанатты жиын өтті. Шара әуелі Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, ерекше рухани леппен бастау алды. Сарыағаш медресе

Дәретті бұзатын амалдарДәретті бұзатын амалдар

С: Кіші дәрет қашан бұзылады? Ж: Дәрет мынандай әрекеттерге жол бергенде бұзылады. Оларды дәретті бұзатын амалдар дейді.

«Сарыағаш медресе колледжі» ұстаздары мен студенттері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.«Сарыағаш медресе колледжі» ұстаздары мен студенттері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.

Колледж ұстаздары мен студенттері Мемлекет басшысының ел болашағына бағытталған маңызды бастамаларын терең ықыласпен тыңдап, оның ішінде білім беру саласына қатысты айтылған ой-пікірлерге айрықша назар аударды. Президентіміз атап өткендей, еліміздегі техникалық