Сарыағаш медресе колледжі шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды

Мұсылмандықтың қырық парызының бірі – білім іздеу. Осыларды басшылыққа алған қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин бабамыз балаларды білімге шақырғанда: «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық», – деп, білімді Алланың атымен бастап, білім алуға насихаттаған.

 Бүгін   Сарыағаш  қаласындағы «Сарыағаш » медресе колледжінің бітіруші шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды. Шәкірттер алдымен  қазақстан тарихы пәнінен сынақтан өткен болса, бүгін Құран, фиқһ, араб тілі пәндерінен тапсырды.  Аталмыш емтиханды мелекеттік аттестаттау коммисиясының төрағасы ҚМДБ-ның діни білім және ғылым бөлімінің маманы Марат Жапасбаев,  Сманов Абсаттар «Сарыағаш медресе колледжінің директоры, Қарақұлов Еркебұлан ОҚО  облыстық орталық  мешітінің найб имамы , Абдиров Айтжан «Шымкент» медресесінің ұстазы, Төребеков Нұралы «Сарыағаш медресе колледжінің оқу бөлімінің меңгерушісі  қабылдады. Аталмыш медресені  2015-2016 оқу жылы табысты бітіріп, мемлекеттік емтихан тапсырған ұл балалар бөлімінен 28 түлектің  алтауы Габдрашев Жанкелді, Умирзаков Нұрсұлтан, Хисаров Хусейн, Тасболат Али, Усипбеков Ербосын, Халдаров Азизбек алтауы «Өте жақсы», 12-сі «Жақсы», қалғаны қанағаттанарлық үлгерім көрсетті. ТМД да теңдесі жоқ қыздар медресесі 2013 жылы ашылып алғашқы шәкірттерін қабылдап еді, бұл күндері сол шәкірттер алғашқы түлек болып отыр. Қыздар бөлімінен 22 қыз тәмамдап 6-ауы  «Өте жақсы» қалғаны «Жақсы» үлгерімінде бітіріп шықты

Бірер күндерде диплом алып, ілім деген аманатты арқалап үлкен өмірге қадам басатын түлектерге  Алла Тағала алдағы жолдарын ашсын деп тілейміз!

IMG_2582IMG_2597

Related Post

Ислам дінінің артықшылығы және оның хикметіИслам дінінің артықшылығы және оның хикметі

Расында барлық мақтау әлемдердің Жаратушысы болған Аллаға тән. Оның соңғы елшісі Мұхаммедке с.а.у. және оның отбасына, сахабаларына Алланың сәлемі мен салауаты болсын. Қазіргі кезде исламға әр түрлі сын пікірлер, мүлдем

🕌 Жұма мүбәрак болсын!🕌 Жұма мүбәрак болсын!

Бүгін – қасиетті жұма күні. Жүректерге тыныштық, отбасыларға береке, амалдарға сауап тілейміз.«Адамның денесінде бір кесек ет бар. Егер ол сау болса, бүкіл дене сау болады. Егер ол ауырса , бүкіл