Мәуліт шәріп

Мәуліт шәріп post thumbnail image

2016 жылы 31 қаңтар күні Сарыағаш ауданы, Абай ауылының орталық мәдениет үйінде адамзаттың ардақтысы, асылы болған Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с) мәуліт күнінінің рухани кеші өтті.
Рухани кешке Оңтүстік Қазақстан облысының өкіл имамы Ахметжан Керімбеков, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Құдірет Қыстаубаев, ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаев, Абай ауылының әкімі Алмас Сексенбаев, Сарыағаш ауданының бас имамы Қанатбек Кенжебеков және аудандағы барлық Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының филлиалдарының имамдары, аудан тұрғындары қатысты.
Кеште Сарыағаш медресесінің шәкірттері рухани әндер айтып, қара өлеңдер оқып, көріністер көрсетіп, және бейнероликтер көрсетті. Сарыағаш ауданы Абай ауылында орналасқан «Ешан баба» мешітінің имамы Айдар Садықов Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға құран бағыштады.
Оңтүстік Қазақстан облысының имамы Ахметжан Керімбеков Мәуліт кеші жоғары дәрежеде атап өткенін айтып, ауыл тұрғындарына алғысын білдірді.

12647203_154914444887810_8648811422932602843_n 12592680_154913704887884_6519902871579075535_n

Related Post

Қасиетті үш айлар басталдыҚасиетті үш айлар басталды

Қасиетті үш айдың ішіндегі ражаб (ережеп) айы бүгін басталды.  Бұл ай тәубе, құрмет және ғибадат, ал рамазан жақындық пен нығмет айы болып табылады.

«Сіз бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?«Сіз бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?

«Колледжімізде «Сіз бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?»атты тақырыпта ағылшын тілінен пікір алмасу сабағы өтті. Қазіргі жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік