Тәуелсіздік тұғырым

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді.Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

Аталмыш мереке күнін «Сарыағаш медресесі де» өз деңгейінде атап өтті. Жарты төбе ауылдық округының әкімдігінің мұрындық болуымен кең дастархан жайылып «Тәуелсіздік тұғырым» атты мерекелік кеш ұйымдастырылыды, кешті әнұранмен ашып, ауылдық округтың әкімі Абай Аширов салтанатты жиынға келген қонақтарды мерекемен құттықтап, мерекелік іс шарада аудан әкімінің марапаттарын медресеміздің ұлағатты ұстаздары мен үздік шәкірттеріне табыстады.

Тәуелсіздік күнімен ғаламның рахым нұры Пайғамбарымыздың мәулід шарифы тұс келіп медресеміз шәкірттері рухани көріністер қойып келген қонақтарды тәнті етті. Келген қонақтармен медресеміз ұстаздары қойылымдарды көріп көздеріне жас алып өз лебіздерін білдіріп жатты, жас шәкіртіміз Абай Бақыт ұлы «Жетім» монологын оқып өзінің актерлік қырынан көрсете білді.

Тек қана ұлдар емес қыздар бөлімі де бұл іс шарадан тыс қалмай, мерекелік дастархан жайып «Ал, қанеки, қыздар» атты байқау ұйымдастырып қол өнер, ас дайындау, «Желтоқсан ызғары» қойылымдарымен келген қонақтарды тәнті етті.

20151216_124201 20151216_124254 20151216_124331 20151216_124405 20151216_124544

Related Post

5 маусымда өткізілетін республикалық референдум5 маусымда өткізілетін республикалық референдум

2022 жылдың 27 мамыр күні Сарыағаш медресе колледжі Абдуғаппар Сманов шатырында еліміздегі 5 маусымда өткізілетін республикалық референдум бойынша колледж ұстаздары және қызметкерлеріне ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізілді. Жиынға Түркістан облысы Сарыағаш

Имамдар сертификат алдыИмамдар сертификат алды

2015 жылдың 13-18 сәуір аралығында ҚМДБ-ның ОҚО өкілдігінің ұйымдастыруымен «Сарыағаш медресесі» жанында аудан имам-молдалары Құран, фиқһ, ақида, хадис пәндері бойынша білімдері мен біліктіліктерін жетелдіріп қайтты.