«Сарыағаш медресесі» үздік оқушыларына шәкірт ақы тағайындады

Егемдік алғалы  елімізде діни оқу орындары көптеп ашылып келеді. Қазіргі күннің өзінде республикамызда  бір университет, тоғыз медресеміз бар екен. Соның бірегейі, діни мамандарын дайындаап келе жатқан – «Сарыағаш медресесі»  Тарихы сонау 1992 жылдардан бастау алған медресеміз бұл күндері едәуір жетістіктерге жетіп отыр. Қазақстанның көптеген өңірлерінен келген  талапкерлер мұнда 2 жыл 10 ай оқып,  туған жерінде діни қызметкер атанып отырған жайы бар.  2015 жылдың басты жаңалығы  «Сарыағаш медресесінің» директоры Абсаттар Сманов еліміздегі медреселерден  алғашқы болып, шәкірт ақы тағайындауды жолға қойды. Бұрындары тек оқу, жатын орын, тамағы тегін болған еді,  қазір  оқушылардың  шәкірт ақы алуға да мүмкіндігі туды. Шәкірт ақы көлемі 15000 тг мен 13 000 арасында.  Шәкірт ақыны  медресемізге демеушілік көрсетіп жүрген  ЖШС «Қызыр Айтқұл» фирмасы өз міндетіне алып отырғанын қуанышпен айтқымыз келеді.  Шәкірт ақыны біріңғай үздіктер мен төр пен беске оқығандар алады. Естеріңізге сала кетейік,  2013 жылы ТМД-да теңдесі жоқ қыздар медресесі ашылған болатын. Қыздар медресесінің үздіктеріне де шәкірт ақы тағайындалатын болды.

Related Post

⚜️Тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай «Сарыағаш медресе» колледжі студенттері арасында “Құран” жарысы өткізілді.⚜️Тәуелсіздіктің 32 жылдығына орай «Сарыағаш медресе» колледжі студенттері арасында “Құран” жарысы өткізілді.

🔰Жарысты ұйымдастырудығы басты мақсат студенттердің Құран жаттауға болған махаббаттарын арттырып, ынта-жігерлерін ояту. Аталған жарыста жүлделі орныдарға табан тіреген жеңімпаздарды колледж директоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлы марапаттап, сый сияпаттар табыстады. 🔰Құран жаттаушы ұл-қыздарымыздың