Мәйітті көтеру мен жерлеу

С: Ер адамдар мәйітті қалай көтереді?

Ж: Табытқа салынған мәйітті табыттың төрт шетінен көтереді. Мәйітті көтеріп бара жатқанда сілкілемей жылдам жүру қажет. Табытты көтеріп жүргісі келген адам табыттың оң жағына өтіп, бірінші бас жағынан, кейін аяқ жағынан оң  иығымен көтереді. Кейін сол жағынан келіп бас жағын, соңынан аяқ жағын сол иығына  қойып көтереді.

С: Қабір басына барғандарға отыруға болама?

Ж: Иә, болады. Бірақ табытты жерге қоймайынша отырулары макруһ болады.

С: Қабірдің тереңдігі қандай болады?

Ж: Қабір белден немесе кеудеге дейін қазылады. Одан да тереңдеу қазылса, тіпті жақсы. Ішінен  ішкі үйі (ләхәд) жасалған қабір қазу абзал саналған. Ал жері бос болса ләхәд жасамай – ақ (жарма — шақ) қазуға да рұқсат бар.

С: Қабірге мәітті қалай кіргізеді?

Ж: Мәйіт қабірге қыбыла тараптан кіргізіледі. Ләхәдқа мәйітті кіргізіп қойған адам кебіннің бас аяғындағы түйіндерін шешіп, мәйітті ұйықтап жатқан адам сияқты оң жамбасымен  (абзалы шалқасымен басын) қыблаға қаратып жатқызып: «Бисмилләһ уә ъаләә милләти  расулилләһ  салләлаһу ъаләйһи уа сәлләм», — деп айтады. Ләхәд аузы кесек кірпішпен жабылып, қабір топырақпен  толтырылады.

С: Ләхәд аузын  бекіту үшін күйген кірпіш, тақтай немесе қамыс қолдану дұрыс па?

Ж: Піскен кірпіш пен тақтай қолдану макруһ, ал қамыс қолданудың зияны жоқ.

С: Қабірге топырақ толтырып болған соң не істейді?

Ж: Қабір үстіне топырақты түйе өркеші (немесе балық үсті) сияқты үйеді. Төрт бұрыш етуге және қабір үстін биік етіп көтеруге болмайды. Топырақ түйе өркешінің биіктігіндей ғана етіп көтерілуі тиіс.

С: Қабір үстін гипстеуге, цементтеуге немесе осыған ұқсас істерді істеуге бола ма?

Ж: Бұл істен Пайғамбарымыз (с.а.у) қайтарғандықтан, күнә саналады.

С: Даусы шығып туылған нәресте шетінесе, үкімі қалай?

Ж: Туылған нәрестенің тірі туылғандығына бір белгі болса, оған ат қойылады,  жуылып  жаназасы  оқылады.

С. Егер нәресте жансыз туылса, не істейді?

Ж: Ол таза матаға оралып жаназасыз жерленеді.

Related Post

Астана медресе-колледжінде семинар болып өтті!Астана медресе-колледжінде семинар болып өтті!

15-16 наурыз күндер аралығында Елордадағы Астана медресе-колледжінде «Модульдік-құзіреттік тәсіл негізінде, кәсіби мамандарды даярлау» тақырыбында «Дінтану және теология» бейіні бойынша республикалық семинар-кеңеске колледжіміздің білікті мамандыры Жакипов Жүсіпхан, Қалмұратов Темур қатысты. ҚМДБ

1 Мамыр құтты болсын!1 Мамыр құтты болсын!

Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, ағайын! 1 мамыр құтты болсын!

⚜️Расымен, еліміз Тәуелсіздікке аңсап, за­ры­ғып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек.⚜️Расымен, еліміз Тәуелсіздікке аңсап, за­ры­ғып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек.

🔰Бүгін Сарыағаш медресе колледжінің шәкірттері және ұстаздары сап түзеп, әнұран орындап, мемлекеттік көк туымызды жоғары көтеру рәсімі өтті. 🔰Колледж директоры Дінмұхаммет Абдужаппарұлы айтулы күннің маңыздылығына тоқталып,мемлекеттілігіміз бен ұлттық бірегейлігіміздің негізі