Сақтап қойған қырық алтының бар ғой

Әулиелердің ұлыларынан болған хазреті Бахауддин Бұхаридің «рахметуллаһи та’ала алейһ» заманында бір жас жігіт, осы әулиенің есімін естіп қызығады. Өйткені, ол жайында адамдар: «Аллаһтың сүйікті құлы, ұлы әулие кісі, көптеген кереметтері де бар» десетін.
Қатты қызыққаннан оны көргісі келеді. Сол күні ауылынан шығып, осы әулиенің алдына келеді де: «Мырзам! Есіміңізді көп естідім, сізге келуге көп кешіктім,  үзірімді қабыл етіңіз» деп өтінеді.
Әулие қалжыңдап: «Біз оңайшылықпен үзірді қабыл етпейміз. Ол үшін бізге алтын беруің керек» дейді. Мұндай жауапты еш күтпеген жігіт таң қалады. Өйткені қалжыңдап айтқанын түсінбеген еді.
«Менің алтыным жоқ қой» дейді. Сонда әулие: «Үйіңде сақтап қойған қырық алтының бар ғой, соларды алып кел, үзіріңді қабыл етейін» дейді. Жас жігіт «Жарайды мырзам» дейді де, бірден ауылына қайтады. Бұрыннан егіншілікпен айналысу үшін жинап жүрген қырық алтыны бар еді. Соларды алып әкеліп тапсырады. Хазреті Бахауддин Бұхари алтындардың ішінен бір данасын алып, қалғандарын өзіне қайтарып береді. «Қалған алтындармен егіншілікпен айналысарсың» дейді.
Сосын әлгі бір алтынды көрсетіп, «Бұл алтын саған харам жолмен келген. Ал харамда ешқашан береке болмайды» дейді.
Ертеңіне адамдар бұл жігіттен: «Расында сен сол алтынды қайдан алған едің?» деп сұрағанда «Кезінде құмар ойынынан тапқан едім» деп жауап береді.

Related Post

ҰСТАЗДАР ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ!ҰСТАЗДАР ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ!

2022 жылы 24 ақпан күні Сарыағаш қаласы «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалык колледжі» спорт кешенінде «2022 жылы балалар жылы, ТМД халық шығармашылығы жәнемәдени мұра» тақырыбы аясында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының

🎓 НЕ ҮШІН БІЗДІ ТАҢДАУ ҚАЖЕТ?🎓 НЕ ҮШІН БІЗДІ ТАҢДАУ ҚАЖЕТ?

✅ Мемлекеттік диплом – «Исламтану» мамандығы бойынша✅ ТЕГІН оқу және ай сайын шәкіртақы✅ Тегін жатақхана және күнделікті 3 мезгіл тамақ✅ Құран жаттау, араб тілі, зайырлы пәндер✅ Ұлдар мен қыздарға бөлек

Сарыағаш медресе колледжінің ұстаздары біліктіліктерін арттырдыСарыағаш медресе колледжінің ұстаздары біліктіліктерін арттырды

Сарыағаш медресе колледжінде «Таlap» КЕАҚ ұйымдастыруымен 09.02-23.02.2022ж. күндер аралығында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру процесін академиялық дербестікті есепке ала отырып модельдеу» бағдарламасы бойынша колледждің