Пісіп жетілген құрмалар

Сахабалардан болған хазреті Әбу Дәрда (Алла ол кісіге разы болсын), таң атқанда ерте тұрып мешітке қарай жүгіретін. Намаз оқып болғаннан кейін оқылған Құран кәрімді рахаттанып тыңдап, мешіттен шығарда да ең соңғы болып шығатын. Бір күні бамдат намазында сүйікті пайғамбарымыз намазды бітіргеннен кейін тәсбиһ дұғаларды айтып, асығып шығып кетті. Бұл жағдай бірнеше күн жалғасқаннан кейін сүйікті пайғамбарымыз:

— Ей Әбу Дәрда! Сен әуелде мешітке бәрінен бұрын келіп, бәрінен кейін шығатын едің. Қазір саған не болды?- деп сұрайды. Хазреті Әбу Дәрда былай деп жауап береді:

— Йа Расулаллаһ! Білетініңіздей құрмалардың пісіп жетіліп жерге түсетін ыстық маусымдамыз. Көршіміздің құрма ағаштарының бұтақтары біздің ауламызға қарай иіліп тұр. Түнде сол ағаштан біздің аулаға түсетін құрмалар, таң атқанға дейін көбейіп кетеді. Бамдат намазынан кейін тез жетіп бармасам, балаларым ұйқыдан тұрғанында құрмаларды жеп қояды. Негізінде мен балаларыма харам жегізбеймін деп Аллаһу та’алаға сөз бергенмін. Сол себептен балаларым оянып аулаға шықпай тұрып, біз жаққа түскен құрмаларды теріп көршімнің ауласына тастаймын. Асығып шығып кетіп жүргенімнің себебі осы.

Related Post

17 наурыз – Шаңырақ күні17 наурыз – Шаңырақ күні

Сарыағаш медресе колледжі баршаңызды Шаңырақ күнімен шын жүректен құттықтайды! Шаңырақ – халқымыздың ең қастерлі ұғымдарының бірі. Ол – отбасының тұтастығы, бірлік пен берекенің белгісі. Әрбір шаңырақта мейірім мен сыйластық орнап,

Жанұялық өмірЖанұялық өмір

Үйленуге шешім қабылдаған еркектің некенің маңыздылығын, қалай жасалатынын, алатын қызды таңдағанда неге мән беру керектігін және әйеліне, балаларына, туысқандарына қатысты міндеттерін алдын-ала үйренуі керек. Пәк болған, діндар бір қыз іздеуі