Тігіншінің тәубесі

Бір тігінші Аллаһ достарының бірінен:
— Пайғамбарымыздың «Аллаһ  тағала күнаһар құлының тәубесін, жаны алқымына келгенге дейін қабыл етеді» деген хадис шәрифі туралы не айтасыз?- деп сұрайды. Ол жауап бермей тұрып одан сұрайды:
— Сенің мамандығың не?
— Тігіншімін, киім тігемін.
— Тігіншілікте ең оңай нәрсе не?
— Қайшымен матаны қырқу.
— Қанша жылдан бері бұл іспен айналысасың?
— Отыз жылдан бері.
— Жаның алқымыңа келген кезде матаны кесе аласың ба?
— Жоқ әрине, кесе алмаймын!
— Біраз қиналып, үйреніп және отыз жыл бойы қиналмай істеген ісіңді сол кезде істей алмасаң, өміріңде еш жасап көрмеген тәубені ол кезде қалай жасамақсың? Бүгін күш-жірегің қолыңда тұрған кезде тәубе ет, кейін ол кезде тәубе ете алмауың мүмкін,- дейді. Тігінші осы сөздерден кейін дереу тәубе етті. Салих құлдардан болды.

Related Post

Әдемі Әуезді АзаншыӘдемі Әуезді Азаншы

01.03.2022жҚазақстан Мұсылмандары Діни басқармасыТүркістан облысы Сарыағаш ауданы“Әбішұлы Сатыбалды” мешітінде1-наурыз “Алғыс айту күніне” орай“Әдемі Әуезді Азаншы” азаншыларжарысы болып өтті. Жарысты арнайы Сарыағаш ауданы бас имамы Төлебеков Тұрлыбек ұстаз және Сарыағаш медресе

Ислам дінінің артықшылығы және оның хикметіИслам дінінің артықшылығы және оның хикметі

Расында барлық мақтау әлемдердің Жаратушысы болған Аллаға тән. Оның соңғы елшісі Мұхаммедке с.а.у. және оның отбасына, сахабаларына Алланың сәлемі мен салауаты болсын. Қазіргі кезде исламға әр түрлі сын пікірлер, мүлдем