Келелі кездесу

Бүгін ОҚО Сарыағаш ауданы, Жарты төбе а/о Ынтымық ауылында орналасқан  «Сарыағаш медресе колледжіне» іс сапарымен ОҚО өкіл имамы Ахметжан Керімбек келіп кетті.

Өзінің жүріп өткен өнегелі өміріменен шәкірттер арасында бөлісіп жарасымды сұхбат өткізді. Білім алудың қаншалықты маңызды екенін, және де сол жолда бірнеше қиыншылықтарға төзім еткенде ғана үлкен жетістіктерге жету мүмкін болатындығын айтып өтті. Биылғы бітіруші түлектерге қаншама аудан, ауылдарда білікті кадрлардың тапшы екендігіне байланысты алған білімдеріне сай қызмет атқаруларын ұсынды. Ал, оқуды жалғастырып үлкен белестерді бағындырмақшы болған ілім ізденушілерге жол сілтеп жәрдем беруге дайын екендігін тілге тиек етті. Сөз соңын «Кімде-кім Алла разылығы үшін білім алып қызмет қылатын болса, екі дүниеде жүзі жарық құлдардан болады» — деп аяқтады.

Сарыағаш медресе колледжі баспасөз қызметі 

www.medrese.kz

 

IMG_5134IMG_5126

Related Post

ШӘКІРТТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕЛІ АТАНДЫ!ШӘКІРТТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕЛІ АТАНДЫ!

Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы 2022 жыл Балалар жылы және ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылына арналған белбеу күресінен 2002-2004 ж.т. жастар (ұлдар мен қыздар) арасындағы Түркістан