Бір көзді ана

Анамның бір-ақ көзі болатын. Оны жек көретінмін, себебі оның бұл жағдайы мені қатты ұялтатын. Үйдегілерді бағып-қағу үшін мектепте аспазшы боп жұмыс істейтін. Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мені көруге келген еді, мен оны көрмегенсіп ол жерден қашып кеттім. Ертеңіне досым: «Сенің анаңның бір-ақ көзі бар екен ғой» дегенде, ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым. Мұндай жағдайға түсіруге қалай ғана дәті барды екен? Кездескенімде ашуланып: «Мені осылай ұялтқанша, жоқ болғаның жақсы болар еді» дедім. Оған одан әрі шыдай алмас едім, қандай күйде болғаны еш ойыма кіріп шықпады. Қажырлы еңбектің арқасында үйленіп, үй болып Сингапурға орналастым. Анам бір күні немерелері мен жылдар бойы кермеген мені көру үшін Сингапурға келді. Балаларым оны көріп күле бастады. «Балаларды қорқытпай тез арада бұл жерден кет», — дедім. «Ғафу етіңіз, мекен жайдан жаңылысқан болармын», — деп кетіп қалды.

Бір күні мектеп түлектерінің бас косу кешіне шақыру келді. Әйеліме жұмыс бабымен кеттім деп, бұл кешке катыстым. Кештен кейін кызығушылық басып, ескі үйіме бардым. Көршілер анамның қайтыс болғанын және маған бір хат тастап кеткенін айтты. Хатында:

«Сүйікті ұлым! Бастауыш сыныпта сені ұялтқаным, Сингапурда балаларыңды қорқытқаным үшін өкінемін. Өмір бойы әрдайым сені ойладым. Жылдар бойы сен үшін ұяттың көзі болғаныма да өкінемін. Түлектердің бітіру кешіне келетініңе қатты қуандым, бірақ орнымнан тұрып, сені көре алар ма екенмін, білмеймін. Білесіңбе, кішкентай кезіңде бір қазаға ұшырап көзіңнен айрылдың, анаң ретінде сенің бір көзбен өмір сүруіңе шыдай алмас едім, осылайша бір көзімді саған бердім. Менің орныма дүниені керіп жүр деп, өмір бойы сені мақтан тұттым».

Саған деген сүйіспеншілікпен, АНАҢ!

Related Post

⚜️30-қараша күні Сарыағаш медресе колледжінде “Арнайы және кәсіптік пәндер” мен “Жалпы қоғамдық-әлеуметтік пәндер” бірлестіктері конференция практикумын өткізді.⚜️30-қараша күні Сарыағаш медресе колледжінде “Арнайы және кәсіптік пәндер” мен “Жалпы қоғамдық-әлеуметтік пәндер” бірлестіктері конференция практикумын өткізді.

🔰”Дін ғылымның анасы”,”Қыран елім Қазақстан” тақырыптарында болып өткен конференция онкүндіктің жабылуына байланысты жоспарға сай ұйымдастырылды. 🔰Жиында барлығы 11 баяндамашы терең де мазмұнды баяндама жасап, педагогикалық білім беруді жетілдірудің түрлі аспектілерін

15 наурыз – Референдум күні15 наурыз – Референдум күні

Бүгін еліміз үшін маңызды әрі тарихи күн – референдум өтіп жатыр. Сарыағаш медресе колледжінде бұл күн ерекше атап өтілді: колледж директоры Дінмұхаммед Сманов бастаған ұстаздар мен оқытушылар, сондай-ақ шәкірттер –

Білім мен тәрбие егіз ұғымБілім мен тәрбие егіз ұғым

Оқу мен тәрбие — егіз, оларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл – Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың