Сарыағаш медресе колледжінде әлеуметтік қолдау шаралары

Сарыағаш медресе колледжінің әлеуметтік педагогы Асанова Балжан қыркүйек айына бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, ерекше әлеуметтік санаттағы студенттерге жан-жақты қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізді.

Ай бойы әлеуметтік педагог колледж ұжымымен бірлесе отырып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүгедектігі бар, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан шәкірттердің жағдайын анықтау мақсатында арнайы сауалнама жұмыстарын ұйымдастырды. Сауалнама нәтижесінде әрбір студенттің тұрмыстық және әлеуметтік жағдайы жіті зерттеліп, олардың нақты қажеттіліктері ескерілді.

Жиналған мәліметтер колледж әкімшілігіне ұсынылып, әрбір шәкіртке дер кезінде қолдау көрсету бойынша нақты ұсыныстар мен шаралар жоспары жасалды. Бұл бастама студенттердің өздерін қауіпсіз, қамқор ортада сезінуіне, оқу процесіне сеніммен араласуына жол ашты.

Сонымен қатар, игі істің аясында «Жаннатул Фердауси» қайырымдылық қорының демеушілігімен келген жаңа киімдер әлеуметтік санаттағы студенттерге үлестіріліп, олардың күнделікті тұрмысын жеңілдетуге мүмкіндік берілді. Бұл – жас буынға мейірім мен ізгілік дәнін себуге бағытталған үлкен қайырымдылық қадамы болды.

Сарыағаш медресе колледжінің әкімшілігі мен әлеуметтік педагогы жүргізіп отырған мұндай жүйелі жұмыстар – білім алушылардың тек сапалы білім алуына ғана емес, олардың әлеуметтік қорғалуына, адами құндылықтарды сезінуіне, қоғамға сеніммен қадам басуына үлкен септігін тигізеді.
Бұл игі істер жастарға қамқорлық пен жан жылуын сыйлап, олардың болашағына сенім ұялатады.

Related Post

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарастыСарыағаш медресе колледжі баршаңызды осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтайды! Бірлік пен татулық – елдің ең басты байлығы.Елімізде әрдайым ынтымақ, береке және бейбітшілік салтанат құрсын! https://www.instagram.com/reel/DXySdxNsSIA/?igsh=NHpmb3A2MzAyYnhp

Қари 2025!!!Қари 2025!!!

Сарыағаш медресе колледжінде тағы бір қуанышты сәт!Өткен жылы 25 шәкірт қасиетті Құран Кәрімді толық жаттап қари атанса, биыл олардың қатарына 30 қари қосылды.Бұл — ұстаздардың еңбегі мен шәкірттердің табандылығы, ата-аналардың