Сарыағаш медресе колледжінде жаңа оқу жылы салтанатты жиынмен басталды!

Бүгін, 2025-2026 оқу жылының алғашқы күнінде, колледж директоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлының жетекшілігімен ұжымдық жиналыс өтті. Бұл – жаңа жылға дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі ғана емес, тұтас бір білім маусымының бағдарын айқындаған тағылымды сәт болды.

Жиын барысында колледж директоры ұлт болашағы – жастарға сапалы білім мен ата-бабамыз ұстанған, салт дәстүрімізбен ұштасқан рухани тәрбие беру жолында атқарылар ауқымды жоспарлармен таныстырды.
– «Білім – нұр, тәрбие – тағылым. Біз білім саласындағы жұмыстарымызды ата-бабамыздың салиқалы жолымен, Әбу Ханифа мәзһабы мен имам Матуруди сенімі негізінде жүргізуге тиіспіз. Өйткені, шәкірт тек пәндік біліммен емес, рухани құндылықпен де сусындауы керек», – деп атап өтті.

Жиналыс аясындағы негізгі тақырыптар:

Білім сапасын арттыру жолдары мен жаңа әдістемелер;

Шәкірттерге жан-жақты қолдау көрсету және тәрбиелік бағытты күшейту;

Ұстаздардың кәсіби дамуы мен тәжірибе алмасу;

Оқу-тәрбие жұмыстарын жаңа деңгейге көтеру стратегиялары.

Жиналыс соңында ұжымға жаңадан қосылған ұстаздар таныстырылып, жылы лебіздер айтылды. Бұл жаңа есімдер – біздің ұжым үшін үлкен қуаныш. Олардың кәсібилігі мен жаңашыл көзқарасы – шәкірттеріміздің болашағына бағыт болары сөзсіз.

Сарыағаш медресе колледжі жаңа оқу жылына жаңа мақсаттармен, нық сеніммен қадам басты.
Біздің басты міндетіміз – елдің ертеңі болатын жас ұрпақтың жүрегіне имандылықтың нұрын, бойына білімнің күшін, санасына парасаттың дәнін себу.

Ұжымдық бірлік – табыстың тірегі. Бірлігі жарасқан, рухы биік ұстаздар қауымы – кез келген қиындықты еңсеріп, үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатын қуатты күш.

https://www.instagram.com/p/DOKt_lyjIkc

Related Post

САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНДЕ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҮШІН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНДЕ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҮШІН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 15 қараша күні республика бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында өткізілетін «Жұмыс беруші күні» ашық есік күні өтеді. ҚМДБ-ның