1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде 2025-2026 жаңа оқу жылының басталуына орай, салтанатты жиын өтті. Шара әуелі Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, ерекше рухани леппен бастау алды.

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы @dinmuxammet_smanov шәкірттер мен ұстаздарға жүрекжарды тілегін білдіріп, жаңа оқу жылының мән-маңызына тоқталды. Ол білім мен тәрбиенің, иман мен парасаттың қатар жүруінің маңызын атап өтіп, шәкірттерге үлкен үміт артылатынын жеткізді.
Биылғы жаңа оқу жылында 284 жас шәкірт Сарыағаш медресе колледжінің үлкен отбасының мүшесі атанды. Бұл – жай ғана сан емес, әр шәкірттің жүрегінде білімге деген шынайы құштарлықтың, ата-ананың өз перзентіне деген сенімінің және жас ұрпақтың ізденіске толы арман-мақсаттарының айқын көрінісі.
Олардың әрқайсысы – болашақта елін сүйетін, иманды, парасатты азамат болып қалыптасуға ниет еткен үміткерлер. Бұл көрсеткіш – колледжіміздің беделі мен сенімге лайық мекеме екенінің дәлелі.
Жаңа оқу жылы шәкірттеріміз үшін – ілім іздейтін, армандарын шыңдайтын кезең болсын!
Ұстаздар үшін – әрбір еңбегінің жемісін көрудің, шәкіртінің жетістігіне қуанудың жылы болсын!
Ата-аналар үшін – перзентінің білімге ұмтылып, абыройға бөленгенін көретін шаттыққа толы жылы болсын!
Білім мен иман – өмірдің шамшырағы. Сол шамшырақ шәкірттеріміздің жолын нұрландырып, болашаққа апаратын сенімді серігі болғай!

https://www.instagram.com/p/DOG8HaijE84

Related Post