1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!

1 қыркүйек – жаңа оқу жылының басталуымен тұспа-тұс келетін Білім күні құтты болсын!
Бұл күн – тек мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін ғана емес, білім мен ғылымға құштар барлық жастар үшін ерекше мереке.
Білім – адам баласының жүрегіне нұр, өміріне бағыт беретін шамшырақ. Ал иман – сол білімді толықтыратын асыл қазына.
Сарыағаш медресе колледжі жас ұрпаққа сапалы білім, отан сүйгіштік және де имандылықты қатар беруді өзіне мақсат тұтады.Жаңа оқу жылы шәкірттерімізге толағай табыс, ізденіс пен ілгерілеу әкелсін!
Ұстаздарымыздың еңбегі жемісті, ата-аналарымыздың үміті ақталсын!
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжі баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтап, жаңа оқу жылында биік белестер, игі жетістіктер тілейді!

Related Post

Оразада макруһ саналатын амалдарОразада макруһ саналатын амалдар

С: Оразада қандай амалдар макруһ? Ж: Өзіне сене алмаған аузы берік адамға өз әйелін – сүю макруһ, ал өзіне сенімі болса ештеңе етпейді.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні – мейірімге толы мереке.1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні – мейірімге толы мереке.

Сарыағаш медресе колледжі, Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылдық округі әкімдігі, Жәннатул фирдауси қайырымдылық қорының демеушілігімен колледжімізде 1 маусым балалрды қорғау күніне орай, Сарыағаш ауданының ДЦП дертімен ауыратын жас өспірімдерге көңіл күй