⚜️Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтының директоры Сарыағаш медресе колледжінің бітіруші студенттерімен кездесті

🔰2025 жылдың 18-ші сәуірнде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтының директоры, Араб тілінің маманы, Phd доктор Манабаев Бағдат Маханұлы Түркістан облысындағы Сарыағаш медресе колледжінің бітіруші курс студенттерімен жүздесті. Кездесудің басты мақсаты — шәкірттерге рухани бағыт-бағдар беру, діни білімнің маңызын ұғындыру және алда күтіп тұрған өмірлік жолдарына салиқалы ақыл-кеңес айту болды.

🔰Іс-шара барысында Бағдат Маханұлы медресе қабырғасынан түлеп ұшқалы тұрған жастарға діни ілімді терең меңгерудің, оны қоғам игілігі үшін жұмсаудың маңыздылығын атап өтті. Ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі бағыттары, қазіргі заманғы дін қызметкерінің миссиясы және діни оқу орындары арасындағы сабақтастық жайлы кеңінен әңгімеледі.

🔰Кездесу барысында ол былай деді:

«Ислам — білімге ерекше мән берген дін. Ал сіздер, қадірлі шәкірттер, осы ұлы жолда алғашқы қадамдарыңызды жасап отырсыздар. Медресе қабырғасында алған ілім — рухани капиталыңыз. Ендігі мақсат — осы білімді ұмытпай, үнемі дамытып отыру, халқымыздың игілігі жолында қызмет ету.»

Сонымен қатар, Бағдат Маханұлы шәкірттерге ислам институтының тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігі, оқу бағдарламасы, ұстаздар құрамы және шәкірттерге жасалып жатқан мүмкіндіктер туралы да мәлімет берді. Институттың мақсаттарының бірі — иманды, білімді, ұлтжанды діни мамандарды даярлау екенін баса айтты.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өмірлік және діни тақырыптарда кеңес алды. Сұрақ-жауап бөлімі өте тартымды әрі пайдалы өтті. Бағдат Маханұлы шәкірттерге болашақта ислам институтында білімдерін жалғастыруға болатынын айтып, талапкерлерді ынталандырып, бағыт көрсетті.

Соңында, Сарыағаш медресе колледжінің басшылығы институт директорына алғыс білдіріп, осындай кездесулердің жастардың рухани тәрбиесіне тигізер пайдасы зор екенін атап өтті.

https://www.instagram.com/p/DIsybUsMQc0

Related Post

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Әбдуғаппар Шәкірұлы ұстазымыз дүниеден өтті.Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Әбдуғаппар Шәкірұлы ұстазымыз дүниеден өтті.

Алла Тағала Әбдуғаппар ұстазымызды рақымына бөлеп, жәннатын нәсіп еткей. Артында қалған ағайын-жұрты мен отбасына Алладан көркем сабыр тілейміз. «Тас түскен жеріне ауыр» десе де бұл қайғылы хабар баршамызға ауыр тиді.

💡ЕЛІМІЗДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ” БАСТАУ АЛДЫ.💡ЕЛІМІЗДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ” БАСТАУ АЛДЫ.

🔰Бүгін Сарыағаш аудандық мәдениет үйіне Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігінің Тәрбие және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Асқарбекқызы арнайы іс-сапармен келді. 🔰Сарыағаш және Келес аудандықбілім беру ұйымдарының тәрбие ісі