⚜️Бүгін, 2025жылдың 12 Сәуірінде, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары өткізілді. Бұл шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті насихаттау, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру және жастарды жауапкершілікке тәрбиелеу.

🔰Тазалық акциясына колледждің ұстаздары мен студенттері белсенді қатысып, колледж ауласын тазалауға шықты. Олар қолдарына күрек, шелек, қоқыс жинау сөмкелерін алып, ауладағы қоқыстарды жинап, өсімдіктерді күтіп-баптауға кірісті. Студенттер мен ұстаздардың ынтымақтастығы мен бірлігі бұл шараның маңыздылығын арттырды. Тазалық жұмыстары барысында олар тек ауладағы қоқыстарды жинап қана қоймай, сонымен қатар экология мәселелері туралы пікір алмасып, табиғатты қорғаудың маңыздылығын талқылады.

🔰Сарыағаш медресе колледжі осындай шараларды тұрақты түрде өткізіп тұруды жоспарлап отыр. «Таза Қазақстан» акциясы – еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастама. Колледж ұжымы мен студенттері бұл акцияға қатысу арқылы өздерінің азаматтық жауапкершіліктерін сезініп, туған жердің табиғатын қорғауға атсалысуда.

🔰Таза орта – таза ойлар мен таза өмір сүрудің негізі екенін

Related Post

ҰСТАЗ ЕРКІН КАДИРОВ|ҚҰРАНҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТҰСТАЗ ЕРКІН КАДИРОВ|ҚҰРАНҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ

Қасиетті Құран Кәрім – он төрт ғасырдан бері мұсылмандар үшін рухани бастама және шабыт көзі. Бұл – Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахи ретінде түсіп, әлі күнге

Мәуліт шәріпМәуліт шәріп

2016 жылы 31 қаңтар күні Сарыағаш ауданы, Абай ауылының орталық мәдениет үйінде адамзаттың ардақтысы, асылы болған Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с) мәуліт күнінінің рухани кеші өтті.

Біздің жеңімпаздарБіздің жеңімпаздар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың қазан айыны 18 жұлдызында, марқұм Әшірбай қажы Орашұлының құрметіне қасетті құран