⚜️2024 жылы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің Діни білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшысы Игенбай Айдос Назкенұлы Сарыағаш медресе колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастарға діни білім мен тәрбие беру мәселелері, Қазақстандағы діни ахуал, жастардың рухани және азаматтық құндылықтарын қалыптастыру тақырыптарында сөз сөйледі.

🔰Айдос Назкенұлы студенттерге қазіргі қоғамда діни білім мен мәдениеттің маңызы туралы айтып, олардың қоғамда белсенді әрі жауапты азамат болып өсуі үшін дұрыс бағыт-бағдар алу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, діни білім беру ұйымдарының жастарға рухани бағытта терең әрі саналы білім беру міндеті туралы ойларымен бөлісті.

🔰Кездесу барысында студенттер түрлі сұрақтар қойып, оларды қызықтырған мәселелер бойынша жауаптар алды. Жастарға білім мен тәрбие берудің маңызды қырлары түсіндіріліп, болашақта ел игілігіне қызмет ететін азаматтар болып қалыптасулары үшін қолдау көрсетілетіндігі айтылды.

Related Post

Сақтап қойған қырық алтының бар ғойСақтап қойған қырық алтының бар ғой

Әулиелердің ұлыларынан болған хазреті Бахауддин Бұхаридің «рахметуллаһи та’ала алейһ» заманында бір жас жігіт, осы әулиенің есімін естіп қызығады. Өйткені, ол жайында адамдар: «Аллаһтың сүйікті құлы, ұлы әулие кісі, көптеген кереметтері

Әр бір істе бір қайыр барӘр бір істе бір қайыр бар

Ертеде Африкадағы бір аймаққа билік жүргізген бір патша болыпты. Патша кішкене кезінен бірге өскен құрбы досын ешқашан қасынап тастамай алып жүретін. Сол досының ешкімге ұқсамайтын бір мінезі бар еді. Өзінің