⚜️Бүгін Сарыағаш медресе колледжіне Астана қаласының өкіл имамы және Республикалық “Әзірет Сұлтан” мешітінің бас имамы Ерболат Қажы Нұрылдаұлы келіп, колледж студенттерімен кездесті.🔰Кездесу барысында Ерболат Қажы Нұрылдаұлы шәкірттерге Ілім алудың маңызы, ілім алушылардың негізі міндеттері туралы, оқу жолындағы қиындықтарға төзе білу туралы. Әдеп, ахлақ, ихсан жайлы. Елдін әрқашанда патриот азамат, азаматшасы болудың маңызы туралы уағыз насихат айтты. Сөз соңында, Құрметті жастар, сіздер бүгінгі таңда білімнің шыңына жету үшін үлкен мүмкіндіктерге ие болдыңыздар. Аллаһтың нұрымен, ұстаздарыңыздың қамқорлығымен, әрі өздеріңіздің қажырлы еңбегіңізбен Ілім теңізінің тереңдігіне бойлай аласыздар. Аллаһ ілімдеріңізді нұрландырып, жүректеріңізге сабыр мен түсінік берсін. Ілім жолында сіздерге сәттілік тілеймін — деп ізгі тілегін білдірді.

Related Post

Қос қуанышҚос қуаныш

Адамның бір қызығы бала деген, Баланы оқытуды жек көрмедім. Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім. Осыдан  үш жыл алдын Сарыағаш өңірінде қуанышты жайттың куәсі болып

САЛТ ДӘСТҮРДІҢ ИСЛАМДАҒЫ ОРНЫСАЛТ ДӘСТҮРДІҢ ИСЛАМДАҒЫ ОРНЫ

08.02.2022ж атаулы оқу орнының директоры ұстаз Д. А. Смановтың «САЛТ ДӘСТҮРДІҢ ИСЛАМДАҒЫ ОРНЫ» тақырыбында әсерлі уағызы болып өтті. Уағызда оқу орнының шәкірттері ислам құндылықтары мен қазақ салт-дәстүрі арасында әдемі сабақтастық