⚜️Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғұламалар кеңесінің мүшесі, Шымкент қаласы «Сейітжан қари» мешітінің бас имамы Әміре Ерсін Бекайдарұлы Сарыағаш медресе колледжі студенттеімен кездесу өткізді.🔰Студенттермен кездесу барысында Ерсін Бекайдарұлы білім алудың маңыздылғы, білім адамзат баласының шамшырағы екенін, бұл өмір қас-қағым сәтте өтетіні, жастықшақты босқа өткізбеу сияқты тақырыптар аясында сөз қозғады. Қазіргі таңда жастардың уақытын ұрлап жатқан әртүрлі пайдасыз нәрселерден аулақ болуды насихаттады.

Related Post

Наиб мүфти медресе шәкірттеріне насихат айттыНаиб мүфти медресе шәкірттеріне насихат айтты

Елге танымал ғалым, найб мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшесі, шариғат және пәтуә бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы «Сарыағаш медреседе» колледжіне арнайы ат басын бұрып, студенттермен кездесу өткізді.

Елімізде республикалық экологиялық “Таза қазақстан” акциясы жаппай өткізілуде. Елді бірлікке, тазалыққа насихаттайтын «Таза Қазақстан» акциясын өткізуге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми түрде тапсырмасы берілген болатын.Осы орайда, Сарыағаш ауданында бүгін аудандық ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Таза Қазақстан” республикалық акциясы өтті. БАҚ өкілдері мен өлкетанушылар қатысқан тазалық іс-шарасына аудан әкімінің міндетін атқарушы Алдияр Қозыбаев, аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттар, ауданның ерікті жастары, ауыл тұрғындары және облыстық мәслихаттың депутаты, «Айғақ Медиа» холдингінің директоры Дулат Әбіш бастаған БАҚ өкілдері мен өлкетанушылар бір кісідей белсене атсалысты.Ел игіліне арналған игі шараға Сарыағаш медресе колледжінің “Қыран” еріктілер тобы қалыс қалмай тазалық жұмыстарына араласты.Елімізде республикалық экологиялық “Таза қазақстан” акциясы жаппай өткізілуде. Елді бірлікке, тазалыққа насихаттайтын «Таза Қазақстан» акциясын өткізуге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми түрде тапсырмасы берілген болатын.Осы орайда, Сарыағаш ауданында бүгін аудандық ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Таза Қазақстан” республикалық акциясы өтті. БАҚ өкілдері мен өлкетанушылар қатысқан тазалық іс-шарасына аудан әкімінің міндетін атқарушы Алдияр Қозыбаев, аудандық мәслихат төрағасы мен депутаттар, ауданның ерікті жастары, ауыл тұрғындары және облыстық мәслихаттың депутаты, «Айғақ Медиа» холдингінің директоры Дулат Әбіш бастаған БАҚ өкілдері мен өлкетанушылар бір кісідей белсене атсалысты.Ел игіліне арналған игі шараға Сарыағаш медресе колледжінің “Қыран” еріктілер тобы қалыс қалмай тазалық жұмыстарына араласты.

Осылайша аға буынның жастарға көрсеткен үлгі өнегесі ұрпақ сабақтастығының нық қадамдары деп білеміз. Сарыағаш медресе колледжінің баспасөз қызметі