⚜️ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ЕРЖАН СМАТҰЛЫ ТӨЛЕПОВ САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

🔰Кездесу барысында облысымыздың бас имамы “Білімнің артықшылығы” сондай-ақ
ата-бабамыз ұстанған Ханафи мәзһабы, Матуриди ақидасын, салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымызды қастерлеу жайлы уағыз айтып, насихат жүргізді. Шәкірттер өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, ұстаздан мардымды жауап алды.

🔰Аталған жиын соңында Сатыбалды Әбішұлы атындағы ислам орталығының қызметкерлері және медресе колледж шәкірттері Ержан Сматұлымен естелік суретке түсті.

🔰Өз уақытын бөліп, шәкірттерімізге саралы сөзбен уағыз айтқан Ержан ұстазымызға Сарыағаш медресе колледжі атынан өз алғысымызды білдіреміз!

Related Post

ОТАНДЫ СҮЮ ИМАННАНОТАНДЫ СҮЮ ИМАННАН

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Д.Сманов 10.03.2022ж колледж шәкірттеріне “Отанды сүю иманнан” тақырыбында уағыз насихат жүргізді. Туған елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік − әрбір жан үшін аса киелі ұғым, ыстық сезім.