⚜️Ата-ана мен байланыс орнату, шәкірттердің үлгерімі мен тəртібін заңды өкілдеріне дер кезінде хабардар ету бүгінгі күні білім беру ұйымдарының мақсатты жұмысы.

🔰Дәл осы себепті бүгін 2024-2025 оқу жылына қабылданған жас талапкерлердің ата-аналарына “Сарыағаш медресе колледжін” таныстыру жиыны өтті.

🔰Іс-шараға колледж директоры Дінмұхаммет Абдужаппарұлы, колледж әкімшілігі, топ жетекшілері және жалпы ата-аналар қатысты.

🔰Жиналыста күн тәртібіндегі бірнеше мәселелер қаралды: 1. Ішкі тәртіп ережесі; 2.Кітап және қосымша сабақтар; 3. Тамақтану, күнделікті ас мәзірі сонымен қатар сырттан тамақтану; 4. Форма және телефон өткізу жөніндегі мәселелер қаралды.
Оқу ордасының білім беру бағдарламасындағы жаңа өзгерістер жайында ақпараттар айтылды.

🔰Сондай-ақ ата-аналар тарапынан да қатысушылар сөйлеп, болашақ маман дайындауда ауқымды жұмыстар атқарып жатқан медресе колледж ұжымына алғысын білдірді. Жиын соңында колледж басшысы бəсекеге қабілетті тұлға, дініне, еліне қызмет етер шәкірт даярлауда ата-аналарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Related Post

Колледжде республикалық семинар болып өттіКолледжде республикалық семинар болып өтті

Колледжiмiзде сәуiр айының 21-22 аралығында «ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР» тақырыбында республикалық семинар өткізілді. Колледж директоры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы семинарға қатысушыларға өз алғысын білдіріп, іс-шараны ашып берді. Семинардың негізгі мақсаты білім

ТаяммумТаяммум

   С: Таяммум сөзінің сөздік және шариғи мағынасы не? Ж: Таяммум сөзі сөздікте мақсат, ниет ету және қалау дегенді білдіреді. Шариғатта үлкен немесе кіші дәретсіздіктен арылу үшін дәретті болуды ниет