⚜️Биыл Сарыағаш медресе колледжін жалпы саны бойынша 149 студент “Исламтану”, Имам Хатиб” мамандығы бойынша білім дәрежесін иеленді. Оның ішінде үздік 36 шәкірт, ұлдар бөлімінен 17 студент, қыздар бөлімінен 19 студент қызыл диплом иегері атанды.

🔰Медресе-колледж қабырғасынан түлеп ұшқан шәкірттер колледж директоры ұстаз Дінмұхаммет Абдужаппарұлының қолынан диплом алды.
Алғашқы сөз тізгіні берілген Колледж директоры маңызды күнмен медресе ұжымын құттықтап, жаңа белеске көтерілген шәкірттерге батасын беріп, насихатын айтты

🔰“Расында ұлттық болмысымызда да асыл дінімізде де білім алудың маңызы өте зор. Бұл шаңырақта сіздер тәрбиемен қатар Алланы тану, қасиетті Құранды оқып, жаттап, Ислам ілімін де меңгердіңіздер. Ал ендігі кезекте Қазақ елінің ынтымағы үшін, келешегі үшін қызмет ету керек. Алла осы жерден алған ілімдеріңізді қайырлы, берекелі етсін! “ деп жылы лебізін білдірді.

🔰Сондай-ақ жиынға келген қонақтар мен ұстаздар барша студенттерге жүрек жарды тілектерін жеткізіп, ілім деп аталатын аманатты жүктеді.
Ендеше, жас мамандарға ақ жол тілейміз!

Related Post

Сені сағындық я Мұхаммед с.а.уСені сағындық я Мұхаммед с.а.у

Кеше, 2016 жылы 27 қаңтар күні Сарыағаш қаласының орталық мәдениет үйінде адамзаттың ардақтысы, асылы болған Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с) мәуліт күнінінің рухани кеші өтті.

ҚМДБ: «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасы» қабылданды.ҚМДБ: «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасы» қабылданды.

⚜️Бүгін Алматыда өтіп жатқан Республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелеріне арналған семинарда ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасын» таныстырды. 🔰«Біз өткенде арнайы тұғырнаманы бекіттік. Сіздер әртүрлі ортада жүресіздер. Жамағатпен