⚜️Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын). “Мұсылман-мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды және оны сатпайды.

🔰Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді.Кімде -кім мұсылман бауырының қайғы мұңын сейілтсе, Алла Тағала оның қиямет қайымның бір қайғысынан құтқарады.Сондай-ақ, кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Алла Тағала оның айыбын Қияметте жасырады.” -деген.(Бұхари,Муслим)

🔰Колледжімізде маусым айының бірінші жұлдызында “Халықаралық балалар” күніне байланысты “Бақытты бала“ атты қайрымдылық акциясы өткізіліп ,әлеуметтік көмекті қажет ететін, көп балалы отбасынан шыққан, атаулы көмек мәртебесіне ие аз қамтылған отбасынан ,жартылай және тұл жетім студенттерге және жалпы барлық киімге мұқтаж білім алушыларға “Жаннатул Фердауси” Қайрымдылық қоғамдық қоры тарапынан жаздық киім-кешектермен және жеңіл аяқ- киімдермен қамтамасыз етілді.

🔰Осындай ізгі де, хайырлы іс-шараға ат салысқан барша жандарға Алла Тағаладан ел игілігі үшін жасап жүрген ізгілікті істеріңізге береке беруін тілейміз!

Related Post

⚜️ Таеквандо Wt 2008-2010 жылы туылған жастар арасында өткен Жамбыл облысы чемпионатында Сарыағаш медресе колледжі шәкіртті топ жарып бас жүлде алды.🔰 Сарығаш медресе колледжінің 3 курс студенті Қаржаубаева Айнур Оразбаевна Жамбыл обылысында өтекен Таеквандодан 2008-2010 жылы туылған жастар арасында болып өткен чемпионатта оқ бойы озып шығып бірінші орынға табан тіреді⚜️ Таеквандо Wt 2008-2010 жылы туылған жастар арасында өткен Жамбыл облысы чемпионатында Сарыағаш медресе колледжі шәкіртті топ жарып бас жүлде алды.🔰 Сарығаш медресе колледжінің 3 курс студенті Қаржаубаева Айнур Оразбаевна Жамбыл обылысында өтекен Таеквандодан 2008-2010 жылы туылған жастар арасында болып өткен чемпионатта оқ бойы озып шығып бірінші орынға табан тіреді

🤲 Жұма мүбәрак болсын, құрметті жамағат!Алла Тағала адамзатқа берген ең үлкен нығметтерінің бірі – отбасы. Отбасы – мейірімнің мекені, тыныштықтың ордасы, сүйіспеншілік пен түсіністіктің алтын ұясы.Құран Кәрімде:»Әрі Ол сендерге өздеріңнен жұбайлар жаратты. Солардың қасында жан тыныштығын табуларың үшін. Сондай-ақ араларыңа сүйіспеншілік пен мейірім салды. Шын мәнінде ойланатын ел үшін ғибраттар бар» (Рум сүресі, 21-аят).Осы қасиетті жұма күні әр шаңыраққа береке, әр жүрекке тыныштық нәсіп болғай! Отбасыңыз аман, ырысыңыз берекелі, бірлігіңіз бекем болсын!🤲 Жұма мүбәрак болсын, құрметті жамағат!Алла Тағала адамзатқа берген ең үлкен нығметтерінің бірі – отбасы. Отбасы – мейірімнің мекені, тыныштықтың ордасы, сүйіспеншілік пен түсіністіктің алтын ұясы.Құран Кәрімде:»Әрі Ол сендерге өздеріңнен жұбайлар жаратты. Солардың қасында жан тыныштығын табуларың үшін. Сондай-ақ араларыңа сүйіспеншілік пен мейірім салды. Шын мәнінде ойланатын ел үшін ғибраттар бар» (Рум сүресі, 21-аят).Осы қасиетті жұма күні әр шаңыраққа береке, әр жүрекке тыныштық нәсіп болғай! Отбасыңыз аман, ырысыңыз берекелі, бірлігіңіз бекем болсын!