Батыржан Берденұлы студенттерге ислам діні мен адамгершілік құндылықтары туралы уағыз айтты.

⚜️Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Мансуров Батыржан Берденұлы оқу орнымызға арнайы ат басын бұрып, колледж ұстаздары және студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Батыржан Берденұлы студенттерге ислам діні мен адамгершілік құндылықтары туралы уағыз айтты. Ол жастарға дұрыс өмір сүру, қоғамда адал болу, ізгілік пен еңбекқорлықты дәріптеу жайында маңызды кеңестер берді. Сонымен қатар, ғылым-білімге және адамзаттың дамуына қосқан үлесі туралы да айтып өтті. Студенттермен сұхбаттасып, олардың сұрақтарына жауап беріп, рухани тәрбие мен ұлттық құндылықтарды сақтап қалудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу өте мазмұнды және пайдалы өтті, ал студенттер өз ризашылықтарын білдіріп, өз сұрақтарына мардымды жауап алды.

https://www.instagram.com/reel/DDh7XVdu2QN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Related Post

ӘЙГІЛІ ”СМАНОВТАР” ӘУЛЕТІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ЖЕМІСІ — ӨРКЕНДЕГЕН “САРЫАҒАШ” МЕДРЕСЕСІ! 😍ӘЙГІЛІ ”СМАНОВТАР” ӘУЛЕТІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ЖЕМІСІ — ӨРКЕНДЕГЕН “САРЫАҒАШ” МЕДРЕСЕСІ! 😍

ЕЛІМІЗДЕ ДІННІҢ КӨРКЕМДЕУІНІҢ ҚАҢҚАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРҒАНӘЙГІЛІ ”СМАНОВТАР” ӘУЛЕТІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ЖЕМІСІ — ӨРКЕНДЕГЕН “САРЫАҒАШ” МЕДРЕСЕСІ! 😍 АТМОСФЕРАСЫ ТЫМ БӨЛЕК,ОНЫ, БАРЫП СЕЗІНУ КЕРЕК! 🥹 Әлбетте жылына 1000-даған ұлдар мен қыздар діни тәрбиемен сусындап,