⚜️Сарыағаш медресе колледжінде өткен «Кітапты сыйға тарту» 

⚜️Сарыағаш медресе колледжінде өткен «Кітапты сыйға тарту» акциясы білім мен ғылымды насихаттаудың, сондай-ақ кітапқа деген сүйіспеншілікті арттырудың маңызды шараларының бірі болды. Бұл іс-шараға Сарыағаш аудан әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбилдаұлы, Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Сарыағаш медресе колледжінің директоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлы, сондай-ақ Түркістан облысы «Фараб» ғылыми әмбебап кітапханасының қызметкері Дана Қыдырбекқызы қатысты.

🔰Акцияның мақсаты – жастарды кітап оқуға ынталандыру, олардың рухани байлығын арттыру, білімге деген қызығушылықтарын ояту болды. Қатысушылар кітаптарға деген құрметті арттырудың және білім беру мекемелерінің арасында тығыз қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын атап өтіп, кітаптардың жастар үшін ең жақсы сыйлық екенін атап өтті.

🔰Шара барысында кітаптарды тарту ету мен кітапхана қорын толықтыру туралы сөз қозғап, әрбір азаматтың білімге деген жауапкершілігін ұғындыратын маңызды әңгімелер болды. «Кітапты сыйға тарту» акциясы жастардың білімге деген қызығушылығын оятып, олардың рухани дамуына үлес қосатыны сөзсіз.

https://www.instagram.com/reel/DCmAEJGtuLu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Related Post

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ,ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ,

СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ Құсбегілік өнерінен жастар арасында XIV чемпионаты өткізілді. Аталған чемпионатта «Сарыағаш медресе колледжінің» 4 курс студенті Самғат Ердана III-орынды иемденіп, арнай дипломмен марапатталды!

Арапа күні ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!Арапа күні ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!

🌙Қазақ халқы бұл күнді әуелден қадірлеп, құрметтей білген. Арапа күні құрбан айт мерекесіне ерекше дайындық жасап, марқұмдарға дұға бағыштап, бір-біріне қонаққа барып, ұлық мейрамның келгеніне қуанған. Бұл күні бес парыздың