1 мамыр Бірлік күні!

1 мамыр Бірлік күні! post thumbnail image

Дінаралық және ұлтаралық түсіністік – Ислам дінінің негізгі жолының бірі. Алла тағала Құран Кәрімде «Сіздерді біз бір атадан, бір анадан жараттық, бір-біріңмен танысып, білісу үшін түрлі ұлттарға, руларға бөлдік» дейді.

Барша мұсылман бір-біріне туыс, бауыр. Сонымен қатар, көршімен және басқа да діндегілермен өзара қарым-қатынас сияқты мәселелердің жол-жобасы бізге белгіленіп берілген.

Қасиетті кітабымыз Құранда бірлік туралы көп жерде баяндалған. Соңғы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде де адамзаттың ауызбіршілігі уағыздалған. Алла Тағала «Әли Имран» сүресінде: «…Бөлінбеңдер», – деп бұйырған.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «…Көпшілікпен бірге болыңдар! Бөлінуден сақтаныңдар», – деп өсиет еткен. Дін ғұламалары қашан да барша адам баласын мейірімділікке, ортақ мақсатқа үндеген. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да өз кезегінде жамағатты әркез бірлікке шақырып, жақсылыққа үндеп келеді.

Related Post

⚜️09.11.2023ж Сарыағаш медресе колледжінде “Арнайы пәндер және ИФМ,АӘД пәндері” бірлестіктері онкүндік жоспарына сәйкес “Жайсаң өлке,жайдары Қазақстан!Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!” тақырыбында конференция өткізді.⚜️09.11.2023ж Сарыағаш медресе колледжінде “Арнайы пәндер және ИФМ,АӘД пәндері” бірлестіктері онкүндік жоспарына сәйкес “Жайсаң өлке,жайдары Қазақстан!Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!” тақырыбында конференция өткізді.

🔰Конференцияға қатысушылар баяндама жасап, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Конференцияны ұйымдастыруға жауапты ЦӘБ меңгерушілері Т.Кулжанов және А.Әбіш болды.Жалпы онкүндіктің мақсаты оқытушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, шығармашылық қабілеті бар студенттерді анықтау, арнайы пәндерге

Ұстаздықтың өшпес мәңгі шамшырағыҰстаздықтың өшпес мәңгі шамшырағы

Сарыағаш медресе колледжі қыздар бөлімінде, республикамыз бойынша діни оқу орындарының әйел ұстаздары арасында «Ұстаздықтың өшпес мәңгі шамшырағы» атты конференциясы болып өтті.