⚜️Сарыағаш медресе колледжіне келген Ғұламалар кеңесінің мүшесі, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директорының орынбасары, қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты Төреәлі Еділбайұлы Қыдыр ұстаз оқу ордамыздың ұстаздарымен де кездесу жиынын өткізді.

🔰Ұстаздарымызға Ислам дінінің Қазақстанға келу тарихы жайында құнды деректермен бөлісті.

🔰Сондай-ақ Қазақ даласындағы наным-сенімдер, Исламның ең алғаш келу жолдары, сол жылдары исламның кең етек алуы сынды тақырыпта сөз қозғалып, арнайы LED экранда шолу жасалды.

🔰Сұхбат барысында өзге де маңызды, қазіргі таңда өзекті тақырыптар турасында әңгіме өрбітіп, ұстаздарда өз ойларын, пікірлерін ортаға салды.

🔰Өз біліктілігін ұстаздарымызбен бөліскен Төреәлі Еділбайұлы ұстазға Алла разы болсын!

Related Post

⚜️25 Қазан “Республика күні” мерекесіне орай «Сарыағаш медресе колледжінде» салтанатты жиын өтті. Аталған іс-шараны колледж студенттері жоғары деңгейде өткізді. Отанын сүйюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азамат болуға үндейтін тақырыптар кеңінен насихатталды⚜️25 Қазан “Республика күні” мерекесіне орай «Сарыағаш медресе колледжінде» салтанатты жиын өтті. Аталған іс-шараны колледж студенттері жоғары деңгейде өткізді. Отанын сүйюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азамат болуға үндейтін тақырыптар кеңінен насихатталды

https://www.instagram.com/p/DBf2pP7Nd7i/?next=%2F