⚜️БАС МҮФТИ САРЫАҒАШТА ӨТКЕН МӘУЛІТ КЕШІНЕ ҚАТЫСТЫ

🔰Бүгін Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Сарыағаш» медресе-колледжінің ұйымдастыруымен өткен Мәуліт кешіне қатысты.

🔰Мәуліт кешінде Бас мүфти жамағатқа ізгі ниетін жеткізіп, насихат айтты.

«🔰Біз Алла Елшісін ардақтаймыз. Есімін құрмет қыламыз. Содан болар қазақ жерінде Мәуліт мерекесі бірнеше ай қатарынан жалғасып, атап өтіледі. Мұның астарында үлкен насихат жатыр. Ол – дініміздің насихаты. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен алар үлгі көп. Құранның «Ахзаб» сүресінің 21-аятында Алла Тағала: «Шүбәсіз, Алла елшісінде сендер үшін қай жағынан алсақ та, теңдессіз үлгі-өнеге бар» — деп, Пайғамбар өмірін біздерге шамшырақ еткен. Олай болса, Пайғамбарымыз көрсеткен, насихаттаған ізгі қоғамды қалыптастыруда осындай мәуліт жиындарының мәнісі өте зор.

🔰Бүгінгі Мәуліт кешінде асыл дініміздің көкжиегін кеңейтуде барын салған біздің аяулы ұстаздарымызды да еске алдық. Алла оларға разы болып, Өз Мейіріміне бөлесін!

🔰Қадірлі Мәуліт кешінің қонақтары! Алла Тағала баршамыздың қоғамға, өзгелерге, айналаға пайдалы болуымызды нәсіп етсін. Алла сауаптан жазсын! Білім жолында жүрген бауыр-қарындастарымызға Алла қуат, сабырлық нәсіп етсін! Мәуліт кеші құтты болсын» деді.

🔰Кеште ардақты Алла Елшісіне салауаттар айтылып, белгілі ақын, жыршы Жәкен Омаров мәуліт жырын айтты. Одан бөлек медресе шәкірттері арнау жырын оқыды. Белгілі өнерпаздар күй тартып, мәуліт кешіне көрік сыйлады.

Related Post

📌📣2023 жылдың 21-желтоқсанында Сарыағаш медресе колледжінде №2 әдістемелік кеңес болып өтті.🎥Семинар білім беру жүйесіндегі жаңашыл әдіс-тәсілдерді, жаңа педагогикалық және білім беру технологияларын ізденуге және қолдануға әдістендіру мақсатында өткізілді. ✅📌📣2023 жылдың 21-желтоқсанында Сарыағаш медресе колледжінде №2 әдістемелік кеңес болып өтті.🎥Семинар білім беру жүйесіндегі жаңашыл әдіс-тәсілдерді, жаңа педагогикалық және білім беру технологияларын ізденуге және қолдануға әдістендіру мақсатында өткізілді. ✅

1️⃣📋Семинарға оқу орнымыздың 50ге жуық оқытушылары қатысты. 👥Семинар директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Қалмұратов Тимур Қожакелдіұлының сөзімен бастау алып,әрі қарай “Оқу әдістемелік кешен және оқытушы портфолиосы” жайлы ой өрбіді.2️⃣📋Әрі қарай,кәсіптік

СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ПІКІРСАЙЫС ӨТТІ!СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ПІКІРСАЙЫС ӨТТІ!

«Жастардың шынайы физикалық өмірден цифрлық виртуалды өмірге көп көңіл бөлуі тиіс»Коледжімізде кезекті жоспарға сай Жастар ұйымы жетекшісі Зайнуддин Жеңісбек ұстаздың ұйымдастыруымен “Жастардың шынайы физикалық өмірден цифрлық виртуалды өмірге көп көңіл

Мұсылмандардың ең жақсысы болайық!Мұсылмандардың ең жақсысы болайық!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын Алла тағалаға таусылмайтын мадақ-мақтаулар болсын. Пайғамбарымызға мейілінше, кәміл салауаттар болсын. Әбу Һурайрадан (Алла одан разы болсын) риуаят етіледі: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен