⚜️БАС МҮФТИ ПАЛЕСТИНА ЕЛШІЛІГІНЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ

🔰Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Палестинаның еліміздегі елшілігіне арнайы барып, мұсылман мемлекетіндегі ауыр жағдайға байланысты көңіл айтты.

🔰Бас мүфти Палестинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Монтасер Абу Зейд мырзамен кездесіп, мұсылман мемлекеті үшін дұғада екенін жеткізді.

«Алла Тағала қиын жағдайда қаза болған марқұмдарды мейіріміне бөлегей. Жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, бүгін еліміздің барлық мешітінде жұма намазынан кейін имамдарымыз бен келуші жамағат қиын жағдайға ұшыраған Палестина халқы үшін арнайы дұға жасады.

Related Post

Ислам дінінің артықшылығы және оның хикметіИслам дінінің артықшылығы және оның хикметі

Расында барлық мақтау әлемдердің Жаратушысы болған Аллаға тән. Оның соңғы елшісі Мұхаммедке с.а.у. және оның отбасына, сахабаларына Алланың сәлемі мен салауаты болсын. Қазіргі кезде исламға әр түрлі сын пікірлер, мүлдем

Ақырзаман ғұламаларыАқырзаман ғұламалары

Ақырет ғұламаларынан мақсат- ақырет үшін ілім алып, сол  білімін Аллаһ разылығы үшін жұмсаған  шыншыл ғалымдар. Олар ақыретті бұл дүниеден жоғары қойған. Олардың істері сөздеріне қайшы болмайды. Сондай-ақ олар ақыретте пайда беретін білімге